Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңа кітаптармен танысыңыз
Мюнхгаузеннің хикаялары
Мюнхгаузеннің хикаялары
Кезінде неміс жазушысы Р.Э. Распенің жинап, өңдеп бастыруымен жарық көрген бұл шығарма — Еуропаға кеңінен тараған күлдіргі ертегілер. Мюнхгаузеннің басынан кешкен шытырман оқиғалары — фантастикалық сюжетті топтама. Аталмыш сатиралық әңгімелердің кейіпкері тежеусіз қиялдың символы болып саналады.
Джельсомино Суайттар елінде
Джельсомино Суайттар елінде
Бұл — ақырын сөйлегеннің өзінде әуедегі ұшақтың жолаушылары да еститін, ал ән салғанда айналасын қирататын зор дауысты Джельсомино жайлы ертегі. Көршілері Джельсоминоға тыныштық бермейді: олардың кейбірі оны мейірімді сиқыршы десе, басқалары зұлым сиқыршы деп ойлайтын. Бір күні Джельсомино үйінен кетіп, әлемді аралауға жолға шығады. Азды-көпті жүрген соң Суайттар еліне тап болады. Мұндағы тұрғындар, тіпті жануарлар да үнемі өтірік айтуға
Тоғыз құйрықты ақ түлкі
Тоғыз құйрықты ақ түлкі
Бұл кітапта әлем халықтарының өнер және өнер иелері жайлы ертегілері жинақталып берілген. Ертегілік замананың күйші, бишілері, әнші, суретшілері мен ақын, жыршылары туралы шытырман бұл туындылар оқырмандарды ежелгі өнерпаздардың қилы-қилы тағдырына тәнті қылып, қызыққа толы тылсым, жұмбақ әлемге жетелейді, шартарапты жайлаған халықтардың наным-сенімімен, әдет-ғұрпымен таныстырып, ізгілікке үндейді, өнердің құдіретін паш етеді.
Чиполлинонаның басынан кешкендері
Чиполлинонаның басынан кешкендері
«Чиполлино» сөзі итальян тілінен аударғанда «пияз» дегенді білдіреді. Белгілі итальян жазушысы Джанни Родаридің пияз-балақай жайлы ертегісі бүкіл әлем балаларына таныс. Чиполлино есімді көңілді әрі тентек мінезді балақай өзінің жеміс-жидек пен көкөністен тұратын тұрғындарына көмекке келеді. Ол достарымен бірге әділеттілікті жақтап, қатыгез ханзада Лимонға, ашушаң сеньор Қызанақ пен сүйкімсіз Шие графиняларға қарсы тұрады. Осы жолда олар небір
Асыранды аққу
Асыранды аққу
Кітапқа орыс жазушысы Дмитрий Мамин-Сибиряктың «Асыранды аққу», «Емеля аңшы», «Кім жыртқыш?», «Сұр мойын» атты шығармалары енген. Онда адам мен жабайы табиғат, жануарлар, құстар арасындағы байланыс әңгімеленеді. Бұл әңгімелер алғаш 1927-1936 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отыр
“Бөдене”, “Бирүк”, “Шалғын”
“Бөдене”, “Бирүк”, “Шалғын”
Кітапқа орыс жазушысы И.Тургеневтің “Бөдене”, “Бирүк”, “Шалғын” атты шығармалары енген. Онда адам мен табиғат арасындағы шынайы қатынас суреттеледі. Бұл әңгімелер алғаш 1936-38 жылдары қазақ тіліне аударылып, жарияланған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отырған екен. Біз сол нұсқаларды қайта өңдеп, ұсынып отыр.
Хари мен Кәри
Хари мен Кәри
Кітапқа үнді жазушысы Дхан Мукержидің «Хари мен Кәри» атты шығармасы енген. Кітапта үнді баласы мен пілдің достығы жайлы баяндалады. Кітап алғаш рет 1937 жылы жарық көрген. Соны қайта өңдеп, ұсынып отырмыз.
Том Сойердің басынан кешкендері
Том Сойердің басынан кешкендері
Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVШ ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі көз алдыңа келеді. Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа
Қасірет пен Тағдыр
Қасірет пен Тағдыр
Жазушы Сәуле ДОСЖАН «Қасірет пен Тағдыр», - деген романында социалистік режим құрбандарына айналған Семей өңірінің түрғындарынын касіреті айтылады. Радиация кеселінен қынадай қырылган халыктын арасында Аяулым жары мен перзентінен, ұлы әкесінен ата-ана сың сүйікті баласынан, агалары бауырынан айырылады.
Ауылдан шыққан миллионер
Ауылдан шыққан миллионер
Елорда жазушы Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы. Бұл хикая жастайынан нарық талабын біліп өскен баланың өмірдегі жетістіктерін баяндайды. Осы арқылы кәсібін бастауға ниетті жастарға жол көрсетеді. «Бай болсам» деп армандаған балаға рухани тәлім береді.