"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

"Жезкиік" музыкалық фестивалі өтті

Ұлытау ауданының Болатсай деген жерінде 13-ші шілде күні «Жезкиік» І халықаралық фестивалінің қатысушылары өнер көрсетті. Фольклорлық музыканың тамаша кеші осы шара үшін арнайы құрылған этноауылда ұйымдастырылды.

Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы мен «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру мақсатында өтуде. Үш жүздің басы қосылған қасиетті өлкеге әлемнің үш құрлығынан фольклорлық ұжымдар жиналды. Олар екі күн бойы халықты өнерімен тамсандырды. Кең ауқымды шара Жезқазған қаласында да жалғасты. Мысты шаһардағы Кеңгір су қоймасы жағалауына салынған жазғы амфитеатрда ең алғаш болып шартараптан жиналған классикалық музыка майталмандары тоғысты. «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне 11 фольклорлық өнер ұжымы қатысты. Соның тоғызы шетелдерден келген. Жалпы, шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ұлт ұясы Ұлытау төрі әуезді әнге бөленді. Фестивальге қатысушының бірі — Александр Браун. Ол қызымен бірге Шотландия фольклорлық тобының құрамында. Бұған дейін Ресей, Франция, Қытай және тағы да басқа елдерде өткен халықаралық шараларға қатысқан. Ал, қазақ жеріне алғаш келуі.Фестиваль Жезқазғандағы амфитеатрда жалғасын тапты. Ашық аспан астындағы сахнада алғаш рет классикалық музыка кеші өтті. Онда шетелдік өнер жұлдыздары өнер көрсетті. КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың құйқылжыта ән шырқауы талайлардың таңдайын қақтырды. Австриядан келген сопрано дауысты әнші Анна Райан жас кезінен Бибігүл Төлегенованы сүйіп тыңдайды екен.Есімі әлемге мәшһүр әртістермен қатар, еліміздің жас таланттары да симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Жезқазған аспанын әуезді әнге бөледі. Фестиваль соңы ақын Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған белгілі композитор Жақсыгелді Сейіловтың «Жезкиік» әнімен аяқталды.