"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Спортшылар

Абдишев Талғат Қыдырбайұлы 1987 жылы 21 наурыз айында Жанаарқа ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді.

Мектеп табалдырығында, университет оқып жүргенде көп деген жарыстарға қатысып самбо күресінен спорт шеберлігін алған. Қазіргі танда қазақ күресі мен дзюдодан спорт шеберлігіне үміткер. 7 жасында Қарағанды облысының құрама командасына қабылданған. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң «Жас Сұңқар» спорт мектебіне жұмысқа орналасқан.
Президенттің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009 жылы Ұлытау ауданының спорт мектебіне жаттықтырушы болып орналасты.
2010 жылы маусым айында Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығына дзюдодан аға жаттықтырушы болып ауысты.
Анталияда (Турция) дзюдодан өткен бүкіл әлемдік кубыгы додасында І орын, Душанбеде (Таджикистан) самбо күресінен халықаралық турнирде ІІ орын.
Қазіргі таңда 8 шәкірті спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғап алған. Шәкірті 2015 жылы Жезді кенті палуаны Құдайбергенов Жылкелді Азия чемпионатында ІІ орын иеленіп қайтты, биыл Қазақстан чемпионаты атанып, Әлем чемпионатына жолдама алды. Қазақстан чемпионатында тағы бір палуанымыз Алпысбай Марғұлан ІІІ орын иеленіп қайтты.

Спорт
Абдишев Талгат Кыдырбаевич родился 21 марта 1987 года в Жанааркинском районе. В 2004 году поступил в Карагандинский Государственный Университет им. академика Е. А. Букетова, а в 2008 году закончил университет по професии «Физическая культура и спорт».
-В стенах школы, университета участвовав во многих соревнованиях, получил звание мастера спорта по самбо. В данное время является кандидатом в мастера спорта по казакша курес и дзю-до. 7 лет был членом сборной команды Карагандинской области. Окончив университет пошел работать в спорт школу олимпийского резерва «Жас Сункар».
-По программе президента с «Дипломом в село» в 2009 году приехал работать тренером в спорт школу Улытауского района.
-В июне месяце 2010 года перевелся в Жездинский Культуро-досуговой центр, сейчас является старшым тренером по дзю-до.
-Занял 1 место в Всемирном кубке по дзюдо который проходил в Анталий (Турция) , ІІ место в международном турнире по самбо который проходил в городе Душанбе (Таджикистан).
-Воспитывает 60 спортсменов разного возраста по самбо, дзюдо.
-Подготовил призеров чемпионов Казахстана по самбо и дзюдо.
В настоящее время готовит своего ученика на участие чемпионат мира по самбо который будет проходить В Румынии.
-8 учеников выполнили норматив КМС по дзюдо.

Өжкенов Есілбай Өжкенұлы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген. 1969 жылы №1 Ұлытау орта мектебінің табалдырығын аттап, 1979 жылы мектеп бітірген. 1984-1986 жылдары аралығында әскер қатарында болған. 1987 жылдан бастап Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде күні бүгінге дейін жаттықтырушы болып қызмет атқаруда. Марапаттары: Тәуелсіздіктің 20 жылдығында дипломмен және медальмен марапатталды. 2015 жылы үздік жаттықтырушы номинациясымен көптеген құрмет және алғыс грамоталарымен марапатталған. Осы жылдар ішінде тәрбиелеп жетістіктерге жеткен шәкірттері : М.Сабденов Республикалық турнирінде чемпион, спорт шебері , Е.Смағұлов Қазақстан чемпионы, А.Сүлейменов Қазақстан чемпионаты жүлдегері, спорт шебері, Е.Есетов облысаралық жарыстардың жеңімпазы, Б.Искаков Әлем чемпионының қола жүлдегері, Е.Есетов Қазақстан кубогының жеңімпазы,спорт шебері, А.Дүкенбаев Республикалық турнирдің жүлдегері, спорт шебері, Қ.Исаев Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері,спорт шебері, Е.Төлеш Қазақстан Республикалық чемпионы, спорт шебері.

Бердаллин Саттар

Бердаллин Саттар 01.01.1950 жылы Қытай халық Республикасы, Құльджа облысы Нылқы ауданында туған. Ұлтым қазақ .Білімі жоғары .
1976 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дене тәрбие факультетін бітірген.
Жоғарғы оқу орнын бітіріп келгенен кейін 1976 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Аманкелді атындағы совхоздың № 14 Аманкелді орта мектебінде дене тәрбие, алғашқы әскери дайындық пәнінен мұғалімі .
1976-1978 жылдар аралығында аудандық спорт мектебінің «Қазақша күрес» үйірмесінің жаттықтырушысы.
1978-1985 жылға дейін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
1985-1986 жылға дейін аудандық атқару комитетінің жанындағы спорт комитетінің төрағасы.
1986 жылы аудандық атқару комитеті жанындағы әкімшілік комиссиясының хатшысы.
1992-2001 жылға дейін Ұлытау селолық аймақ әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2001-2009 жылға дейін аудан орталығындағы № 1 Ұлытау орта мектебінде дене тәрбие пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
Мамандығы педагог-бапкер, жоғарғы санатты мұғалім. Спорт ардагері. I- дәрежедегі төреші.
Бердаллин Саттар бірнеше рет облыс чемпионы, самбо күресінен бүкілодақтық турнирдің жүлдегері. Облыстық спорт комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Бірнеше жүздеген шәкірттер мен ізбасарлар дайындаған. Отбасылы.

Төлеш Ернат Бауыржанұлы 1997 жылы 17 сәуірде Ұлытау баурайында дүниеге келген. 2004 жылы №1Ұлытау орта мектебінің табалдырығын аттады. Мектеп бітіргеннен соң, Жезқазған қаласындағы индустриалдық гуманитарлық колледждің «Физкультура и спорт» мамандығын алды. Қазақ күресі десе ішкен асымызды жерге қоятын халықпыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақ күресі күннен-күнге дамып келеді. Қазіргі таңда халықтың рухын оятатын қазақ күресін көрмейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Соның ішінде елімізде жылда өтетін «Жас барыс» турнирінің маңызы ерекше. Бұл турнир жас балуандарды оңымен солын танып, болашақтағы қазақ күресінің шыңына жетелейтін алғашқы баспалдағы. Ауданымыздың жастары «Жас барыс» турниріне жылда қатысып, еліміздің мерейін үстем етіп, үздіктер қатарынан көрінуде. Биылғы жылы «Жас барыс» турнирінің 1-кезеңі селолық елді мекендерде өтіп, үздік шыққандар аудандық 2-кезеңге жолдама алып, одан кейін облыстық 3-кезеңнен өтіп ақтық бәсекеге, яғни 4-кезең Республикалық турнирге жолдама алған болатын. Бұл Қостанай қаласында өткізілді. Бұған ауданнан жерлесіміз Ернат Төлеш қатысып, 47 келі салмақ дәрежесінде боз кілемде Республиканың түпкір-түпкірінен келген балуандармен белдесіп күш сынасты. Жерлесіміздің тобында сайдың тасындай іріктелген кілең мықтылар жиналған екен. Ал, біздің үмітіміз тек қана Ернатта болды. Жерлесіміз қолдан келгенше бар өнерін салып, жеңіске деген құштарлықпен әр белдесуін ақырын жүріп, анық қадам басып, жеңіспен аяқтады. Бірақ, ақтық сынға жолдама алған Ернат соңғы белдесуінде Астаналық балуаннан аздаған басымдылықпен жеңісті уысынан шығарып алып, 2 орынды місе тұтты. Ернат әлі талай турнирлерге қатысып, ауданымыздың атын шығаратынына кәміл сенеміз.

Қазақ күресі-нағыз текті күрес. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің кел ешегі - кемел, болашағы жарқын. Биылғы жылы біздің спортшылар үшін жемісті және айтулы жыл болды. Балуандарымыз осы күнге дейін қаншама жарыстарға қатысып, бақтарын сынап жеңіспен оралуда. Аудан жұртшылығына қуанышты күн сыйлаған спортшыларымыз әр жарыста жұлдызы жарқырап, жеңістің биік шыңдарынан көрінуде.

Жуырда Қарағанда қаласында өткен Республикалық турнирде жерлесіміз Уалихан Сейтқали 50 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, 2 ші орынды иеленді.
Жалпы ауданымызда қазақ күресі өркен жайып, жас балуандарымыз жүлделі орындарды еншілеуде. Қай жарыста болмасын ауданымыздың атын шығарып жүрген жас балуандарымыз мақтауға лайықты жандар. Бұл күрес түрінде өзінің елеулі еңбегін қосқан аға жаттықтырушы Есілбай Өжкенұлының еңбегі зор. Таза еңбекпен ғана келетін жеңіс екенін сезетін бапкер әр уақытта шәкірттеріне қатаң талап қоя біледі. Келешекте де бас бапкердің шәкірттері жеңіс тұғырынан көріне алатынына сенімдіміз.