"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Алтын қалам

"Жылдың үздiк поэзиясы" аталымы бойынша "Сенi сүю" өлеңiмен Ақберен Елгезек жеңiмпаз атанса,
"Жылдың үздiк прозасы" аталымында "Көш" атты әфсанасымен Думан Рамазан үздiк деп танылды.
Ал "Жылдың үздiк балалар шығармасы" аталымы бойынша ақын Қалқаман Сариннiң "Әдеп" әңгiмесi суырылып алға шықты.
Драматургия жанрында Байғали Есенәлиевтiң "Қанды азу" атты туындысы үздiктердiң үздiгi атанды.
5. Байқаудың ең үлкен сүйiншiсi – 6 томдық "Қылмыс" романының авторы Қажығұмар Шабданұлының "Қазақ әдебиетiне қосқан зор үлесi үшiн" арнайы сыйлықпен марапатталуы. Бұл – саяси қылмыскер атанып, 40 жылдай Қытай елiнде темiр торға тоғытылған жазушының туған елiндегi алғашқы сыйлығы. "Алтын қалам" – Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Расул Жұмалы, Ербол Жұмағұлов, Айдос Сарым және Кенже Жұманұлы сияқты қоғамның әр саласында өзiндiк қолтаңбасын қалдырып жүрген азаматтардың идеясы екен.