"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Қызығушылық клубтың атқарған жұмыстары

Ұлытау ауданының ОКЖ қарасты 17-кітапханаларда қызығушылық клубтары жұмыс атқарып отыр. Жезді Сарысу, Алғабас кітапханаларында «Рухани құндылықтар», «Туған өлкем,қандай көркем», «Мәдени мұра-халық қазынасы» атты тақырыптарда бағдарламалар мен жобалар, қызығушылық жұмыс атқарады. Мақсаты: әр топтағы оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру.Әсіресе жастарды салауатты эстетикалық, мәдени өмірге және өнерді дәріптеуге тәрбиелеу. Жергілікті ақын-жазушылардың өмірбаяндарымен шығармашылық жолдарын және жас ақындардың өлеңдерін жарыққа шығару. Мақсаты: Әр топтағы оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру. Әсіресе жастарды салауатты эстетикалық, мәдени өмірге тәрбиелеу. Жергілікті ақын жазушылардың өмір баяндарымен шығармашылық жолдармен және де жас ақындардың өлеңдерін жарыққа шығару. Жезді кенттік кітапханасында «Өлкетану» клубы оқырмандарға қызмет атқарады. Бұл клубтың мақсаты: Өлкенің тарихымен, экономикасымен, мәдениетімен және табиғи байлығымен, ақын-жазушыларын насихаттап таныстыру. Қазақ мысының алғашқы өндірілгеніне 90 жыл толуына байланысты «Кенді өлке Қарсақбай» тақырыптық, электронды папка жинақталды. Бұқар жырау туғанына 350 жыл толуына «Орақ тілді Бұқар» тақырып төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге клуб мүшелері және мұражай қызметкерлері қатысты. Бұқар жыраудың жырлары мәнерлеп оқылып, шығармашылығын талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар саны-19. Аманкелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ө.Құрманбаева «Атамекен» өлкетану қызығушылық- клубында кітапхана оқырмандарына «Түркі әлемінің бесігі» тақырыбында «Ұлытау-ежелгі рухани самғаулар мен саяси шоғырлануға куә болған қашанғы орын» деп заңғар жазушы Ә.Кекілбаев айтқандай Ұлытау жеріндегі тарихи орындар жайында Ұлытау өңіріндегі Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік кезеңдері, Жошы мавзолейінің жанындағы Орда-Базар қаласының даңқы туралы, Басқамыр, Аяққамыр атап жүрген, ежелгі қала жайында, Белең ана, Болған ана, Жұбан ана, Хан ордасы, Алаша хан мазары, Жошыхан мазары, Домбауыл кесенесі жайлы виртуалды сағат өткізіліп, бейнесюжет көрсетілді. Қатысушылар саны-17.
Ақтас кітапханасының «Асыл мұра» әдеби көрем қызығушылық клубы 2018 жылы ақын О.Бөкеевтың туғанына 75 жыл толуына «Ақиық ақын» тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді. Кешке мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. О.Бөкеевтың шығармашылығмен таныстыру мақсатында өткізілген мәдени шара болатын. Сонымен қатар клуб мүшелерімен бірлесе отырып кітапханашы З.Шайкамалова «Жасыл парақтар» сұрақ-жауап ойынын өткізді. Бұл ойынның мақсаты: оқушылардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру болатын. Сайысқа 7 «а» сынып оқушылары қатысып белсенділіктерін көрсетті. Қатысушылар саны-15.
Сарысу кітапханасының «Қаламгер» әдеби-көркем клубы бірнеше мүшелерімен кітапханашы Қ.Сұлтановамен бірлесе мәдени іс-шаралар атқарды. Қазақ ақыны, ағартушы С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ақында сыр болмайды айтылмайтын» жыр кеші өткізілді. Жыр кешін өткізудегі мақсаты: халқымыздың аяулы да ардақты ақыны С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға үлгі ету, поэзиясының қадір-қасиетін сезіндіру, қазақтың ақын қызының ойлары, көзқарасы арқылы оқырмандары адамгершілікке, биікке ұмтылуға тәрбиелеу. Қатысушылар саны-8. Байқоңыр кітапханасының «Елім-ай» тарихи қызығушылық клубы «Астана еліміздің бас қаласы» тақырыбында кітап көрмесімен бірге кітапхана оқырмандарымен Астана қаласының тарихы, қазіргі кезеңдегі дамуы мен өркендеуі туралы әңгіме өткізілді. «Астана еліміздің мақтанышы» тақырыбында слайд көрсетілімі көрсетілді. Іс шараға қатысқандар саны-20. Алғабас ауылдық кітапханасының «Арай» қызығушылық клубының «Ұлт ұясы - Ұлытау», «Жерлес тұлғалар», «Жерлес ақындар» тақырыптарында тақырыптық папкаларын келер жылы Ұлытау ауданының 80 жылдығына Алғабас ауылының энциклопедиясын шығаруға материалдар толықтырылуда. Шеңбер кітапханасының «Қыздар-ай» қыз-келіншектер клубының мүшелері Шеңбер ауылының үлгілі қыз келіндері. Кітапханашы Қ.Мағзұмова «Шаңырағым -шаттығым» келіндер сайысын ұйымдастырды. Бұл сайысқа ауылдың бес келіні қатысты. Атап айтсақ Ж.Дүйсенбиева, М.Кенжебаева, Р.Мажитова, С.Есмағанбет, Ж.Садирова. Сайысқа қатысқан келіндер, өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ата- аналарын құрметтеу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында атқарылған іс-шара болды. «Қыз тәрбиесі-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Ауылдың үлгі алатын анасы С.Сансызбаева кітапханаға қонақ ретінде шақырылып, қыздарға үлгі болатындай тәрбиелік мәні бар, қазақ қыздарына тән қасиеттерді түсіндіре отырып әдептілік ұғымдарын жүрекке ұғындырып, ар-намысты жоғары ұстай білуге және қыздардың ибалы, инабатты болу жайында әңгімелер айтып берді.Қатысушылар саны-19. Қарақұм ауылдық кітапханасында «Ата мұра» қызығушылық клубы мүшелері жыл сайын мәдени-іс шаралар атқарып келеді. Ұлытау өңірінен шыққан ақын Ә.Әміралиннің шығармашылығын жинақтап тақырыптық папка толықтырылуда. Ақын С.Торайғыровтың 125 жылдығына арнап,оның шығармасынан «Ақыннан өлмес жыр қалған» танымдық сағат өткізілді. С.Торайғыровтың әдебиеттерін қызығып оқитын оқырмандар жиналды. Өмірі мен еңбектерін, жырларынан оқырман талқылап ортаға салды. Қатысушылар саны-10.
Борсеңгір кітапханасының кітапханашысы Г.Баймағанбетова «Мұрагер» қызығушылық клубын құрып, мүшелерімен және М.Мыңқаев атындағы №10 Борсеңгір орта мектебінің 9-10 сынып мұғалімдерімен және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен Жезқазған қаласының құрметті азаматы ақын, жазушы, журналист Б.Мырзабековтың туғанына 70 жыл толуына «Ұлтаудың ұлы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Танымдық кеште кітапханашы Б.Мырзабековтың өмір жолдарынан, шығармашылығынан слайд көрсетілімін көрсетті. Б.Мырзабековтың «Ұлытау ұлттың ұясы», «Ұлытаудың ұлы», «Таңбалы тас», «Тас бұлақ» т.б тақырыбындадағы әдебиеттеріне шолу жасалынды. 9 сынып оқушылары М.Әден, Ж. Матай, С.Жанәлі ақын Б.Мырзабековтың «Ұлылықтың жүрегі», «Майдангердің жесірі», «Абай сөзі» өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылар саны-22. Пионер ауылдық кітапханасының «Ұлағат» қызығушылық клубы жұмыс атқарады. Клубтың мақсаты: сәндік қолданбалы өнер жайлы мәлімет жинақтап, жүйелеуге үйрету. Қолөнердің ерекше сәнді түрі сумоншақты пайдалану техникасын жан-жақты меңгеру, құрақ құрау, қолдан гүлдер жасай білу, болашақта өмірлік қажеттеріне жарату. «Қол өнері –зор өнер» тақырыбының аясында қолдарынан өнер келетін мүшелерден құрылған клубта арнайы бұрыш бар. Қазақтың ою-өрнегі, бисермен жасалған, қағаздан (оригами) өнер иелерінің қолдан жасалған дүниелері кітапханаға келген оқырмандарды, қонақтар бірден назарын аударады. Қаракеңгір кітапханасы «Сөнбес жұлдыздар» қызығушылық клубының жоспар бойынша «Қол өнер-сырлы өнер» тақырыбында ауыл тұрғындарынан жиналған, үйде сақталған жәдігерлерді, қазақтың тұрмысына қолданған бұйымдарды кітапхананың қызығушылық клубына өткізген болатын сол қол - өнерден көрме-презентация өткізілді. Қол өнер шебері З.Тұрманова үй тұрмысына қажетті құраған көрпелерінің тігілуін, жасалуын түсіндірсе,М.Бөрібаева ою-өрнектен жасалған бітпес, алаша, клемшелерін көрсетті, ал Б.Есімсейітов ат әбзелдері, ер тоқым мен жүгенді қалай жасағаны туралы көрмеге қатысушыларға түсіндірді. Барлық қатысушылар саны-31. Қарақұм ауылдық кітапханасының «Атамұра» қызығушылық клубының мүшелері Рухани жаңғыру мақаласы аясында Қарақұм ауылында дүниеге келген, қазақтың айтыс өнерінің жанашыры ақын Ж.Ермановқа арнап «Ұлытаудың қыраны» тақырыбында жыр сайыс өткізілді. Жыр сайысқа клубтың белсенді мүшелері және кітапхана оқырмандары С.Бегтаева, М.Сағажанов, М.Айтбекова, Қ.Айтуаров, Ж. Сағынтаевтар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сайыс соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Ақын Ж.Ерманов жайлы слайд көрсетілді. Кітапханашы А.Түркебаеваның «Тау тұлғалы ақын» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу.Қатысушылар саны-27.