"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Жобалар мен бағдарламалар

«Бәрін тыңдаймыз, бірге ойланамыз-өзің таңда!»

(Шығармашылық жоба)

Бірлестіктің атауы: Нұрлы болашақ

Бұл бірлестіктің өзіндік ерекшеліктері, жұмыс бағыттары, мақсаттары мен міндеттері бар.

Бірлестіктің бағыты: өз өлкесін сүйетін, салауатты өмір салтына дәріптей отырып, жас оқырманның отансүйгіштікке сезімін қалыптастыру, тәрбиелеу.

Бірлестіктің мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағыттқа қарай бағыттау.

Бірлестіктің міндеті: кітапханаға әр деңгейдегі оқырмандарды көптеп тарту. Ауыл тұрғындарын, оның ішінде жасөспірімдермен әр түрлі тақырыптарда көпшілік жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп ұйымдастыру. Эмблемасын, ұранын дайындау. Бірлестік мүшелерінің суреттері, аты жөні жазылған альбом бастау. Кітапханада өткізілетін көпшілік жұмыстардың басым көпшілігі осы бірлестіктің қатысуымен өткізілмек. Осыған орай өткізілетін мәдени көпшілік жұмыстардың шаралары, хаттамалары тіркелетін папка ұйымдастыру.

Мәдени мұра

Ұлытау окж мәдени мұра бағдарламасы бойынша «Бабалар сөзі » көп томдық әдебиеттер келіп түсті. Осы бабалар мұрасын оқырмандарға таныстыру мақсатында кітап көрмесін ұйымдастырып оқырмандарға насихатталды.

Борсеңгір ауылдық кітапханасында Борсеңгірдің тумасы ұрпағына мол мұра қалдырған, аты қазақ энциклопедиясына енген сәулетші, ұста Данияр Кәрібайұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Баба мұрасы» атты үлкен мәдени іс-шара өткізілді. «Атадан балаға» тақырыбында көрмеге ұстаның қолынан шыққан 53 қол өнері қойылды. Кеш барысында ұста, сәулетші Д.Кәрібайұлының еңбектері жайында әңгіме айтылды.

Аманкелді ауылдық кітапханасында кітапханашы А.Ермағанбеттің ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын халық мұрасы» атты викторина өткізілді. Аталған шараға №2 Аманкелді орта мектебінің тәлімгері Г. Байтенова және 8-9 сынып оқушылары қатысты.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрі сан алуан. Солардың қай-қайсы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар. Ақын М.Тұяқбайдың жырында «Балалар ойнайды, кеудеге ақыл ойлайды ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» деп түйіндейді. Ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншілік іс-әрекет қызметін атқарған. Кітапханашы осы орайда «Ұлттық ойын халық мұрасы» кітап көрмесін оқырман қауымға таныстырды.

Жезді кенттік кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арнап «Абайдың сөздері-қазақтың бой тұмары» әдеби кеш өткізілді. Оқырмандарды қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен ол қалдырған асыл мұраларымен таныстырылды. Мектеп оқушыларын Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға, ақын шығармаларын терең түсініп, сөйлеу шеберлігіне, мәдениетіне өз ойларын еркінжеткізуге ерекше көңіл аудару керек екендігін кітапханашы А. Саулембекова айтып өтті. 9 сынып оқушылары А. Айтжан, С.Айтбек, М. Макен т.б Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Қалың елім қазағым», Абайдың қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқып берді. Кеш соңында «Абай әлемі» кітап көрмесіне тоқталып, Абайдың шығармашылықтарын тамашалап, өздеріне ұнаған әдебиеттерін, оқырмандар оқуға жаздырып алды.

Алғабас ауылдық кітапханасында кітапханашы Г.Есенбекованың ұйымдастыруымен ғалым, этнограф Шоқан Уалихановқа «Шоқан мұрасы –дәуір шежіресі» атты ретро-экспозиция ұйымдастырылды. Көрменің ерекшелігі: көрсетілген кітаптар мен мерзімді басылымдар Шоқанның мәдени мұрасы, өткен кезеңге жәдігер ретінде үндеу болып табылады. Оқушылардың кітап көрмесінен пайдалы, танымдық толық ақпараттар алуға әбден мүмкіншілігін тудырды. Дүниежүзі ғылымында Қашқарияны ашқан ұлы географ Шоқан Шыңғысұлы алғаш зерттеуші ретінде де бұл салада қомақты орын алады. Ол сондай-ақ ең алғаш рет Қырғызстан жерін және қырғыз халқын жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым Ш.Уалиханов аз ғана ғұмырында соншама мол еңбектер жасап, соңында қалдырған ғажайып мұраларымен жас ұрпақты ой мен зерде әлемі аспанында сөнбес жұлдыз болып мәңгіге қалған ардақты тұлға ретінде белсенді насихатталып, қызығушылығы артты.