"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Ұлытау ауданының деңсаулық саласы

«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК-ның мекеме жүйесі

  • 1 аудандық орталық аурухана (35 орындық)
  • 1 селолық участкелік аурухана (15 орындық)
  • 7 дәрігерлік амбулатория
  • 6 фельдшерлік-акушерлік пункт
  • Күндізгі стационар (35 орындық)
  • 2016 жылдың 3 тоқсанында 2 дәрігерлік амбулатория нысандары салынып, қолданысқа берілді (Ұлытау және Қарсақпай);

Жалпы қызметкерлер саны

«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК-нда жалпы 178 адам жұмыс істейді. Оның ішінде жоғарғы медициналық білімі бар – 16 адам, орта медицина қызметкерлері – 101, кіші буын мамандары – 18 адам және 43 адам өзге персонал;

Медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттары

«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» бойынша жұмыс істейтін медперсоналдың дәрігерлерінің 18%-нда біліктілік санаты бар. Олардың 11 %-ы біріншісанатты. Орта буын медицина қызметкерлерінің 10,2 %-ның біліктілік санаттары бар.

Дефицит (тапшылық)

2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 2018 жылдың 4 тоқсанында дәрігерлер тапшылығы біршама көбейді. Яғни былтырғы жылы дәрігерлер тапшылығы 1 адам болса, ағымдағы жылы дәрігерлер тапшылығы – 4 адам (жалпы тәжірибе дәрігері-2, акушер-гинеколог дәрігер-1, онколог дәрігер-1).

Жұмыс істеп отырған дәрігерлердің 5-уі зейнеткер: невропатолог дәрігер –А.О. Наурызбаева, педиатр дәрігерлер –Р. Тулегенова, С. Абашева, жалпы тәжірибе дәрігерлері –У. К. Кожасова және А.М. Саукимбаева; 1 жалпы тәжірибе дәрігері зейнетке шығу алдында тұр – Ж.С. Мусабеков.

2018 жылдың 3 тоқсанында 2 (екі) резидентпен келісім шарт жасалды. Олар: травматолог дәрігер–Жүнісбеков Жасерік Анарбекұлы және эндокринолог дәрігер – Бекпейсова Айнур Есенгалиевна. Қазіргі таңда Алматы қаласында «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ оқып жатыр. Келісім-шарт бойынша оқуларын тамамдаған соң олар Ұлытау ауданында 5 жыл жұмыс істеуге міндеттелді.

Жас мамандар

2018 жылы жас мамандар Ұлытау өңіріне келген жоқ.

Жас мамандарға арналған әлеуметтік пакет

Ұлытау ауданы бойынша жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесінде қолайлы жағдайлар қарастырылған. Әлеуметтік сала мамандарына «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 70 АЕК бір мәрте қайтарымсыз жәрдемақы, тұрғын үй алу үшін көзделген 1500 АЕК көлеміндегі төменгі пайызды бюджеттік кредитқарастырылған.

Аудан бойынша кадрлар қажеттілігі

  • педиатр дәрігер (зейнеткер)
  • жалпы тәжірибе дәрігері (зейнеткер)
  • невропатолог дәрігер (зейнеткер)
  • хирург (оташы) дәрігер.