"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Ұлытау ауданының спорт мектебінің саласы

Ұлытау ауданында бүгінің өзінде халықты бұқаралық спортқа тарту мәселесі бірінші кезекке қойылған. Күні кеше құрылысы басталған үлкен спорт кешені де осы межені бағындыруға сеп болмақ. Жасыратыны жоқ осыдан бес-он жыл бұрын Ұлытауда кәсіби түрін айтпағанда, спорттың бұқаралық түрі де кенжелеп қалған. Бұл олқылықтың орны соңғы жылдары толықтырылуда. Биылдың өзінде ұлытаулық бірнеше өрен түрлі деңгейдегі додаларда топ жарды. Жақында ғана облыстық деңгейдегі спартакиада ұйымдастырылды. Осы жетістіктердің жалғасындай енді міне үлкен спорт кешенінің құрылысы басталды. Атшаптырым аумақта орын тебетін нысанда 200 орындық көрермендер залы мен бірнеше секциялар салынады. Басталған іске береке тілеген аудан жұртшылығы спорт кешенінің іргетасына құты салу рәсіміне куә болды. Ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлері игілікті істің оңынан оралуын тіледі. Құрылыс жұмысына аудан қазынасынан 306 млн теңге қарастырылған. Оның 125 млн-ы жыл соңына дейін игеріледі. Бас мердігер қыс түскенше ғимараттың сырт, төбесі мен шатырындағы жұмыстарды толық аяқтамақ. Аудандағы биыл қолға алынған игі шаралардың барлығы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған. Спорт кешенінен бөлек, аудан орталығында шағын аурухананың құрылысы да қатар жүргізілуде.