"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Ауданның ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші салалардың бірі. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткендердің үміті келешекте өзін-өзі толықтай ақтайтынына баршамыз сенеміз. 2017 жылы аудан бойынша 8 млрд 969 млн теңгенің өнімі өндірілді. 2016 жылы 13 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егілсе, ал осы жылы егін шаруашылығы 25 мың гектарды құрады. Аудан бойынша егістікке жарамды жерлер 70 мың гектарға жуық. Бұл жерлерде арпа, бидай егіліп, астық өндірілуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта әлемнің ең тұрақты валютасы – азық-түлік болады» деп бекер айтпаса керек-ті».

Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, халқымыздың әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста екені даусыз. Ауыл шаруашылығын өркендету – уақыт талабы.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі малдың сапасын жақсартып, оның өнімділігін арттыру. Малдың сапасын арттырудың негізгі жолы – мал тұқымын асылдандыру.ААуданда 4 асыл тұқымды ірі қара малды өсіретін шаруашылық тіркелген, 1 асыл тұқымды қой шаруашылығы, 1 асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жұмыстарын жасауда. Ұлытау ауданы бойынша осы жылдың 9 айында «Асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 103,1 млн тг бюджеттік субсидия төленді»-деп мәлімдеді.