"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Ұлытау ауданының тарихы

" Біз өз тарихымызды білуге барымызды салып келеміз. Өткен тарихтың бір куәгері - Ұлытау жері. бұл мекенді әркім білуі тиіс"- деген еді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлытау есімі ежелгі грек тарихшысы Герродоттан бастап,батыс,шығыс шежірелерінің жазбаларында ұшырасады. Ұлытау - бүкіл қазақ әлемінің тура географиялық ортасы, дәл кіндігі"- деп жазуы тегін емес. Көне дәуірінде Алаш аталған мемлекеттік орталығы Ұлытауда болған.Қазақ хандығының негізгі салған Керей мен Жәнібек хандардың қыстауы Шу бойында, жайлауы Ұлытауда болған екен.Әйгілі Әз тәуке осы Ұлытаудың басында ақ киізге көтеріліп,Үш жүздің ханы болып сайланған. "Ақтабанды шұбыранды Алақакөл сұламаға" ұшыраған киіз туырлықты қазақ жұртының басын қосып,Қаздауысты Қазыбек, Төле,Әйтеке билер басқыншы жауға қарсы күрес бастағанда ,осы Ұлытаудан өріс алған. Арғанаты тауының етегіндегі балбұлақтың басында Үш жүздің көсемдері кеңес өткізіп, елді бәтуә, бірлікке шақырып, азаттық жолындағы майданды бастаған. осындағы таңбалы таста алты алты алаштың рулары таңбасын түсіріп, берекелі ел болуға ант берген. Сондықтан Ұлытауды Үш жүздің басын қосқан қасиетті мекен деп айтуға толық негізі бар.

Бұл өңірде есімдері аңызға айналған Қобыланды,Ақжол, тәрізді алыптарды йтпағанда,Айбас,Лақ,Бөгенбеай,Жауғаш,Бармақ,Төлек,Сандыбай,Дүзен,Ерден т.б. тәрізді батырлар өткен. Бертіндегі тұлғалар Айтмұхан Абдуллин, Өмірхан Байқоңыров, Қоңыратбек Құрманбаев, Мұханбетжан Қаратаев,Төрегелді Шарманов тәрізді ғалымдар, публицист баубек Бұлқышев,жазушы Мұқан Иманжанов, журналист Камал Смайылов сынды ұлдарымен мақтанады Ұлытау. Бұл өңірде еңбегімен Ер атанған бәкен Мышанов, Жарылғап Айтуаров тәрізді ағаларымыз туған . Еліміздің қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаев қазақтың алғашқы әскери ұшқыштарының бірі Серікбай Асатов ағасының ізін басқан қыран. Желмаямен ел-жұртына жайлы қоныс,жерұйықты іздеген Аснқайғы бабамыз, төңіректі төңкеріп, төрт бұрышын шарлап,Ұлытауға келіп тоқтап, жердің сарқылмас байлығын көріп, "Елдің аласы,рудың таласы жоқ, бауыры құт, шөбі,ет,суы,сүт,жердің кіндігі Көктөбе.Мен іздеген жерұйық осы болар"-деген екен. Бұл ел бастаған көсемдердің, сөз бастаған шешендердің, қол бастаған батырлардың құт мекені болған. Бұл жерде Алашахан,Жошыхан,Домбауыл батыр "Алтын Орданың"ханы Тоқтамыс,Ел қамым жеген Едіге, ел қорғаны болған Барақ,Жауғаш,Бостан,Сандыбай,Бармақ, Жанайдар,Ерден батырлар жатыр.

Дүниені дүр сілкіндірген Әмір-Темір екі жүз мың сарбазымен Тоқтамыс ханды шабуға келе жатып, осы жерге тоқтап,Ұлытаудың тамаша табиғатына қызыға қарап тұрып "тауы биік болдмаса да бауыры құт, халқы көрмейтін жұт,ғажайып жер екен. Мұнда қандай ескерткіш қалдырсам екен деп.Метеорит тасын балқытып, атын жазып ескерткіш қалдырған екен.Ол жер қазір ""Алты шоқы"деп аталады. Бұл жер Әбілхайырдан бастап хандардың ордасы болған. Домбауыл сарайы бар.

Ұлытаудың бауыры байлыққа, табиғаты тариха толы. Ақ кигізге салып ақбоз ат шалып Абылайды хан көтерген жер.

Ұлытауға сексенінші жылдары дүниежүзі қазақтары келіп, "атажұртымыз" деп жерге аунап,бабалар аруағына дұға бағыштап,тауға тағзым еткен. Бұл өңір мәдениет пен ғылым- білімнің ордасы,өнер ошағы болған. Бұған бабаларымыздың шексіз шеберлікпен салған мәдени- тарихи ескерткіштер, жер астынан табылған қала құрылыстары дәлел бола алады. Осыдан үш мың жыл бұрын салынған Басқамырдан табылған шаһарға қыш трубамен су құбыры тартылған. Осы өңірдегі "Орта қамыр" , "Аяқ қамыр" Сарыкеңгір өзенінің жағасында "Ордабазар" Арғанаты бауырындағы "Домбауыл сарайы"орналасқан.


1939 жылы 16 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Қеңесінің Жарлығымен бұрын Қарсақбай ауданына қарап келген Ұлытау өз алдына аудан болып бөлініп шықты. Жарлыққа Ұлытаудың тумасы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, жерлесімізх Әбдісамат Қазақбаев қол қойған екен. 1940 жылы 21 ақпанда 48 делегаттың қатысуымен өткен аудандық бірінші партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Аманжол Нұрманов, аудандық Қеңес атқару комитетінің төрағасы болып Н. Мамаев сайланды. Ал 1940 жылдың қараша айында аудандық газет дүниеге келіп, оның редакторы Ж. Кетіков бекітілді.Сол кезде селолық кеңестердің төрағалары,колхоз председательдері, басқа да басшыларының қатарына Әбіт Байшұманов, Әбдіғаппар Малгелдин,Сұлтанбек Таубаев,Кәрібай Найманбаев,Қоныс Мынбаев,Әбдібек Әбілханов,Кәриев Сұлтанбек,Әбсалық Құлжабаев,Ерзақов Қадірбек,Қасым Баймендинов,Машайық Балдуов,Көпей Нұржанов,Тілеу Аманов,Рақымжан Базарбаев т.б. қызмет атқарған. Жаңа құрылған ауданда соғыс зардабы өз қиындығын тигізбей қоймады. Ауылдың ер азаматтары ел қорғауға аттанып,ауылдың ауыртпалығы жасы асқан қарттар мен әйелдерге,әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балаларға түсті. Майданға Ұлытау өңірінен 140 мыңнан астам боздақтар аттанып,олардың көбі ел үшін, ұрпақтардың бақыты үшін құрбан болып,туған жерге қайтып оралмады. Артында аңыраған ана, шырылдаған бала,артыңда жесірлері қалды. Сол бір сұрапыл соғыста осы қасиетті қара шаңырақта туған жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев, қазақтан шыққан алғаш әскери ұшқыш Серікбай Асатовтар өздерінің артында өшпес ерлік істер қалдырды. Олар тек жеолестерінің ғана емес, өз халқының мақтанышы, кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге болып келеді. Осы бір қиын-қыстау кезенде майданға кеткен ерлердің орнына ауылдың ауыртпалығы қайыспай көтеріп, арқайсысы бірнеше адамның жұмысын атқарған аналарымыздың ерлігі ерекше. Ерлікпен енбек еткен Рахила Достанқызы, Қалыш Шопағұлова, Ақыш Әлімбетова,Уәзипа Байтенова,Інжу Бюсенбаева, Шабал Балдуова, Ырқайлы Жанұзақова Т.б. көптеген аналарымыз бар. Майданнан жараланып оралғандар ауылддағы еңбек майданының сапына тұрып, соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге күш-жүгерін жұмсап, еңбек етті. Олардың қатарында Кенжебек Андағұлов, Дәуренбек Үсенов, Ермағанбет Бекмағанбетов, Бексейіт Есмұханов, Мұса Есімбаев, Жәкеш Әбішов, Бекентай Сыздықов, Хасен Достанов, Ибәділда Қыдырбеков сияқты әкелеріміздің ерлік істерін мақтаныш етемін. Сол бір ауыр жылдардың өзінде еңбегімен елін сүйсіндіргендер аз болған жоқ. Қисапсыз қиындықтар үстемдік еткен кездің өзінде Түсіпбек Мендібпев,Тоқтарбек Ахметов,Әбілқас Сыздықов,Мұқан Смайлов,Бәкен Мышанов,Мыңбай берденов,Жарылғап Айтуаровтар жоғарғы еңбек көрсеткішіне жетіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алсан. Есмағамбет Шохатов, Сарина Байқоңыр,иЗолотой Бергимов, Құрманәлі Әбілғазин, Әбіш Сұлтанов, Зейнолла Әбілдин,Зағира Әбілдина, Қалдыбек Орынбаев т.б. азаматтар "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту", "Октябрь революциясы", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталды. Ұлытау талай тарланды тәрбиелеп, талай дүлділді дүбірге қосқан қасиетті өлке. Ұлытаудың ұлылығынан үлгі алған Камал Смайылов,Төрегелді Шарманов, Жүрсін Ерман, Баубек Бұлқышев,Мұхтар Алтынбаев,Мұқан Иманжанов,Жақсыгелді Сейілов, Қыдырәлі Болманов сияқты ел үмітін ақтаған ұлдары мен халқымыз мақтанаты сөзсіз. Ұлытауда дүниеге келмесе де өз өлкесімен тең көріп, қасиетті өңірге жырын арнап, шексіз сүйіспеншілікпен Ұлытауды сүйіп өткен жандар бар. Олар Кәкімбек Салықов, Қуаныш Ахметов,Шәміл Әбілтай тағы да басқа азаматтар. 1957 жылы колхоздың орнына 6 совхоз құрылды. Олар негізінен мал шаруашылығымен шұғылданды. Ал 1976 жылы жаңадан "Терісаққан", "Урожайный" екі егін совхозы құрылып, шаруашылық ауқымы кеңейе түсті. Аудан басшы қызметкерге қабілеті, іскер тәжірибелі кемелденген азаматтар тартылды. Олар Мәжит Ахметбеков,Бөкен Нұршабаев, Ахат Райымбеков, Дүйсебек Бүйсенбаев,Әбілжан Сүлейменов,Ағайынбек Бабатаев, Шахман Асансейтов,Сабыр қыдырманов,Сабыр Омаров,Сабыржан Досанов,,Сейтжан Өмірбаев, Байғара Тұрсынбаев т.б. есімдерерін ерекше атап өтуге болады.

Ғасырлар бойы май шамның жарығында отырған елге электр жарығы берілді. Кеңшар,ферма, бригада орталықтарын былай қойғанда шопан-малшылар қыстақтарына дейін жоғары кернеулі электр жүйесі тартылды. Ферма орталықтарнына рация, кеңшар орталықтарында телефон орнап, кез-келген жермен телефон арқылы байланыс жасай беретін болды. Халыққа мәдени, денсаулық қызметін көрсету қалтықсыз жүргізілді. Кеңшарда мәдениет үйі, кітап қоры мол кітарханалар, моншалар болса, бұлардың ферма орталықтарында бөлімшелері болды. Әр шаруашылықта орта мектептер болса, фермаларда бастауыш мектептер жас ұрпаққа білім беріп тәрбиеледі. аудан мектептерінде "Еңбек Қызыл Ту" орденді Ғайнура Еришова, Соня Усманова, "Құрмет белгісі" орденді Түркен оспанова, СССР және Қазақ ССр-інің оқу ісінің озаттары, елге еңбегі сіңген Барақбай Ерғалиев, Күлән Сатаева, Мәрия Қожақбаева, Далапыраз Жүнісова Гүлнар Бегаева, Күлпан Нұрғалиева, Тұрсын Қаленова, Зекен Бердалина, Ілияс Байжақанов, Есен Қаратаев,Жеңісүл Сейтжанова сияқты тағы басқа ұстаздар жас ұрпақ тәрбиелеуде жемісті еңбек етті. Халыққа денсаулық қызметін көрсетуде Оразалы Бегаев, Төрегелді шарманов, Тайжан Әбдіразақов, Қаражігіт Әбдірахманов, Жамал Бекмағанбетов,Ақзейнеп--------- сияқты тағы басқа білікті мамандар болды. Ұлытаудан 20-дан астам белгілі ғалым,академик, өнер қайраткері өсіп шықты. Айтмұқан Абдуллин, Өмірхан Байқоңыров,Әбдіш Ерғалиев, Қоңыратбек құрманбаев, Мұқанбетжан Қаратаев, Ғабдолла Мейрамов, Төрегелді Шарманов, жазушы Мұқан Иманжанов,Камал Смайылов сияқты басқа дарынды азаматтар шықты. Ұлытаудың ұлылығын елге танытуда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі зор. Ұлытау жерінің астында ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай жатқан қазынаны ашып, ел илігіне айналдырды. Табиғи-тарихи мұраларды зерттеуде Әлкей Марғұлан ерекше еңбек етті. Соңдай- ақ, атақты ақын-жазушылар І.Есенберлин,Ә.Әлімжанов,Қ.. Бекхожин,Ә. Кекілбаев,М. Мағауин,С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, К. Салықов, А. Сейдімбеков, Қ. Ахметов өздерінің шығармашылық еңбектерінде Ұлытаудың атағын асқақтатуға арналған туындылар жазды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған А.Нұрманов,Ж. Сүлейменов, Қ.Елеусизов, Т. Қашқынбаев, Т. Ысқақов, С. Рақымбеков, М. Абақанов, Ж. Шайдаров,,С.Дүйсебеков, С. Тілеубаев, аудандық кеңес атқару комитетінің төрағалары болып, Ә.Рахымбеков, Ы. Ержанов,Қ. Нұрмағанбетов, Ә. сатқожинов, Ш. Қолдасбаев,М. Жұмажанов, С. Обдуллин сияқты азаматтар қызмет істеп, ауданды көркейтуге үлестерін қосты. Аудандық кеңес атқару комитеті аудандық мәслихат болып құрылғанда Мұрат Сәулембек, одан кейін Талғат Сейітжанов аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Еліміз егемендік алып, қоғамды қаита құру кезінде бұрынғы партия комитетінің бірінші хатшысының орына ауданды әкім басқаратын болатын. Ауданның алғашқы әкімі болып Серік Тілеубаев қызмет атқарса, одан кейін баттал Мұқышұлы, Рысқали Әбдікеров, Жаңбырбай Дәрібаев, Берік Әбдіғалиев,, Әнуар Омаров, Хамит Омаров . Қасиетті жерге егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1993 эжылы келіп, ата-баба рухына тағзым етіп, халықпен жүздескен сапарында "Ұлытау- ұлттың ұясы, оның мәртебесін көтеру керек"деп Мемлекеттің тұтастығы мен халықтар бірлігінің Монументін орнату жөнінде пікір айтып, "белгі тас"қойған. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жерде болуы Ұлытау тарихына алтын әріппен жазылған жаңа бір бет қосқан тарихи оқиға еді. Елбасымыздың қойған "белгі тастың орнына "мемлекеттің тұтастығы мен халық бірлігінің"монументі орнатылды. 2014 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлытау жерінде сұхбат бергенен кейін. Осы жылы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен және Қарағанды облысы мен Ұлытау ауданы әкімдерінің қолдауымен Ұлытау ауданында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен "Ұлытау- ұлы мекенім" атты мәдени форум мен халықаралық ғылыми-практиқалық конференция, түркі тілдес мемлекеттер орындаушыларының қатысуымен "Ұлы дала сазы" атты халықаралық дәстүрлі өнерн фестивалі болып өтті. 2015 жылы ұлытау ауданының 75 жылдығы тойланды. Осы жылы Байқоңыр елді мекенінде "Бұланты шайқасы" стеласы ашылды.


Ұлытау ауданының географиялық жағдайы

Ұлытау- Қазақстанның географиялық орталығы. Ұлытау батысында ырғыз-Арал атырабына, солтүстігінде Есіл - Нұра ернеуіне, шығысында Арқау-Атасу аймағына, оңтүстігінде Шу - Сырдария сағаларына дейін созылған алтын аймақ. Ұлытау- Сарыарқаның оңтүстік батыс шетіндегі ұсақ шоқылы, аласа таулы массив. Абсолюттік орташа биіктігі 400-600м. Көтеріңкі орта бөлігі 800-1000 метр, ең биік жері - 1134 метр, Едіге тауы-1064 м. Оңтүстік бөлігіндегі Кіші таудың биік жері-793м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытқа сәйкес 230-240 км. созылып жатыр. Ұлытау - меридиан бағытындағы ірі антиклиналдың қалдығы. Криссталдық тақта тас, гранит құм тас, порфиринт, конглонмератан түзілген. Оның беті төменгі палеозойдың эффузиялық шөгінділерінен тұрады. Атырабы - төменнгі кайназойдың әр түсті сазынан түзілген дөңесті жазық. Ұлытв атырабында темірлі кварцит темірлі марганец рудасы, қоңыр көмір кен орны бар. Клитаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қантар айының температурасы - 24-25 градус сельций. Шілде де 22 градус сельций. Жауын шашынның жылдық мөлшері 100- 250 мм шамасында. Ұлытаудан басталған өзендер - Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы жыланшық, Қаракеңгір,Жезді- көбіне қар суымен көректенгендіктен көктемде ғана деңгейі көтеріліп, жазда иірімдерге, қарасуға бөлініп қалады. Топырағы көбіне бозғылт, қызыл, қоңыр келеді. Ұлытау - шын мәнінде географиялық феномен. Терістік даламен түстік шөлдің арасындағы таулы - ойпанды бұл өлке жол тартып келе жатқан жүргізушілерге қайнары - салқын суын, терегімен қайының көлеңкесін сыйлады. Тауда жүзіктің көзіндей әдемі - әдемі көлдер бар. Көктем сайын Барақкөл, Қоскөл, Ашшыкөл, Құркөлдерге Үндістаннан, Жерорта теңізінен, Азия, Африка жағалауынан оралған құстар жыртылы айырылады. Тау қойнауында қайын, қараағаш, терек бұталардан ұшқат, тобылғы, итмұрын, баялыш, арша және жусан, боз,бидайық және сораң өседі. Тау етегінде, грунт суы жақын жерде және өзен аңғарларында шалғын шөп өседі. Ботаниқалық - географиялық ішінара зерттеулер көрсеткеніндей тау баурайында 930 түрлі өсімдіктер өседі. Соның 100 түрі шөп, 90-ны дәрілік өсімдіктер, 50-і түрлі тағамдық, 70 түрі техниқалық, 40 улы өсімдіктер өседі, 20-дан артығы қызыл кітапқа еңген. Олар шренка қызғалдағы, альберта қызғалдағы, түйесіңір, Ұлытау түйменшетені, сылдыр шөп, саңырауқұлақтын түрлері көп - тамаққа пайдаланатын түрлері және улы түрлері бар, сексеуіл, жыңғыл, арша. Ұлытаудың бөктеріндегі жабайы долана, мойыл, қарақат, бүлдірген, сыйыр бүлдірген, шетен өседі. Ұлытаудың аңдардың түрлері: арқар,ақ бөкен, қоян, түлкі, зорман, борсық, қасқыр, суыр, қабан, қосаяқ, су тышқандары, күзен. Қызыл кітапқа еңгендер: ілбіс, арқар, жыланның барлық түрлері, дала қырандары, суыр.


Ұлытаудың құстары: аққу, үкі, тырнаның үш түрі, ұлар, шағала, қаз, үйрек, шіл, құр,қырқауыл, жарқанат, тоқылдақ, атшакөкек, бозторғай, бөдене, безгелдек, қара дегелек, қыран, қолаңтөс. Қызыл кітапқа еңгендері: аққу, қара дегелек, тырнаның үш түрі, уадақ, бірқазан, безгелдек, қыран.

Ұлытаудың тарихи ескерткіштері

Жер тарихы - ел тарихы. Оның бетіндегі белгі - бедер адам әрекетінің ізі. Сол белгі - бедер ішінде бүгінгі, ертеңгі ұрпақ үшін, тарих үшін ең қымбатты материалдық белгілер, адам қолымен жасалған ескерткіштер. Қазірдің өзінде бір ғана Ұлытау жерінде көне заманнан бастап, бүгінгі күнімізге дейінгі аралыққа айғақ боларлық ұш жүзден астам ескерткіш тіркеуге алынған. Сарысу, Кеңгір өзендерінің бойындағы неолит заманының тұрақтары; қола дәуіріндегі мыс ошақтарының кеңіштері; байырғы көшпелілер дүние танымы мен өмір салтының айғағы - қорғантастар, сымтастар, балбалтастар; зыңғыртау мен Теркті сиыяқты еңселі биіктердің өнбойына салынған петроглифтер, таңбалар, күн қозғалысын бақылайтын нысана белгілер; тәңірлік намыс - сенім мен далалық сәулет өнерінің тоғысындай Аяққамыр (XI ғ.) сағанасы; Алаша хан мазары ( XII ғ.) Шыңғыс хан заманының ұлы бақсысы Домбауылға (XII ғ.) созылған тас күмбез. Алтын Орда мемлекетінің шаңырағын көтерген әйгілі хан, Шыңғыс ханның баласы Жошы ханның ( XIII ғ.) ғажайып кенесі. Аңыз-шежіре бойынша есімдері тағыда Шыңғыс хан төңірегі мен сабақтасып Алтын Орда заманының әйгілі тұлғасы Едіге бидің ( XV ғ.) бейіті ; жергілікті халық Асанқайғының бәйбішесі Тананың кәбірі деп атайтын Ұлытаудың шың басындағы Ақмешіт әулие ( XVI ғ.) бейіті; далалық сәулет өнерінің сабақтасы дамып, шыңдала жетілген дәстүрінің үлгісіндей Бескүмбез ( XVIII ғ.) бен Дүзен (XIX ғ.) мазарлары. Міне, осылардың қай-қайсысы да бұл өңірдегі үзілмей жалғасқан тарихи - әлеуметтік жәнеимәдени - рухани өмірдің айғақ - белгілері ретінде ден қойдырады.


Ұлытау ауданы — Қарағанды облысы құрамындағы аудан. Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,7%-ы қазақтар, 2,8%-ы орыстар, 0,2%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,6%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,83 өлім – 7,82, табиғи өсім – 9,01. Ауданда 01.01.07 жылға 99 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 10 орта, 89 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 913 шаруа қожалық және 3,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1611,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 71,0 мың га - егістік алқаптар.


Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 109,0 млн. теңгені құрады. Ауданда

  • 18 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 3091 оқушы оқиды,
  • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында – 164 оқушы оқиды.

Ауданда 16 кітапхана, 8 клуб типті мекеме, 2 мұражай жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 808 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 21253 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 883,4 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемнің 47,2%-ын құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 7,6 млн. теңгені құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 50,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 58,3 млн. теңге.


Ауа-райы

Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең. Аудан бойынша ең суық ай – қаңтар, бұл айда орташа температура -14 -16 ºС болғанмен, абсолюттік минимум -42 -50 ºС дейін төмендейді. Жыл бойындағы ең ыстық ай – шілде, оның орташа температурасы +19-25 ºС , алайда абсолюттік минимум (ең жоғарғы температура) +38-46 ºС деңгейді көрсетеді. Осыған сай ауа температурасының жылдық ауытқуы (ең төменгі және жоғарғы температуралар қосындысы) – 96 ºС.

Аудан аумағының басым бөлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем түседі. Өлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз жауады. Арал маңы Қарақұмдағы бұл көрсеткіш мүлдем төмен, бар болғаны 80 мм шамасында ғана.

Аудан жерінің таулы, қыраттары бөлігінде яғни солтүстікке қарай жылдық ылғал мөлшері анағұрлым артады. Оның көлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жер – Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда жылдық ылғал мөлшері 300-350 мм.

Аудан климатының шұғыл континенталдығын жыл мезгілдерінің алмасу ерекшеліктерінен де байқауға болады. Бұл өңірде қыс қазан мен қараша айларының тоғысар тұсында басталады. Осы кезде Сібір антициклонының әсерінен солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдердің екпіні күшейіп, кейбір күндері желдің жылдамдығы секундына 13-16 метрге дейін артып, қарлы борасындар соғады. Ұлытау – Кішітау сілемдері төңірегінде ауаның температурасы жазық даламен салыстырғанда 2-3 ºС жоғары болып келеді. Өйткені тау қырқалары желге қалқан болып ішкі бөліктерге өткізбейді.

Көктемгі ауа райы Ұлытау жерінде өте құбылмалы. Көктем бұл өңірде тез өтеді. Көктем айларында үсік әрбір 10-15 күн сайын қайталанып тұрады, оның ең кейінгісі мамырдың соңғы аптасында соғуы ықтимал. Бұл аймаққа жылдық ылғал мөлшерінің 40 пайызы осы көктем айларында түседі.

Жаз келісімен ауа температурасы шұғыл көтеріліп, жердің беті тез қызады. Бұл кезеңде ылғалдың көпшілік мөлшері маусым айының үлесіне келеді. Бірақ күн қызуы күшті болғандықтан, ылғал жерге сіңіп үлгермей, буланып кетеді.

Ауаның құрғақшылығы аңызақ желдер соққан уақытта тіпті күшейеді. Секундына жылдамдығы 15 м, кейде одан да көп жел бұл аймақта жазда жиі соғады. Жерден шаң-тозаң көтеріліп, дауыл тұрады. Мұндай құбылыстар әсіресе Қарсақпай мен Жезқазған айналасында үнемі қайталанып отырады.

Аңзақ желдер мен солардың әсерінен туындайтын қуаңшылық зардабы жаз айларында жазық далаларға, олардың өсімдіктер әлеміне зардабын молырақ тигізеді. Дала сарғайып, өсімдіктер қурап, табиғат шөлдік рең алады.

Күз айларын да жылдам өте шығуын Ұлытау өңірі табиғатының ерекшелігіне жатқызуға болады. Бұл кезде түн салқын болса да, күндіз жылы. Қыркүйектің екінші онкүндігінен күзгі үсіктер басталады. Қазан айында циклондар соғып, аспанды әлсін-әлсін бұлт басып, жауын-шашын жиі жауады да, қарашаның басында жаңбырдың арты қарға айналады. Ұлытау өңіріндегі жыл мезгілдерінің ауысу ерекшеліктерін төмендегі кестеден байқауға болады.


Су қорлары

Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес.

Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары негізінен қар еріген кезде толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары арасында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық су қорының 80-90 пайызы ағады.

Өлкедегі ең үлкен өзен – Қаракеңгір. Оның ұзындығы – 350 км, алқабының ауданы – 16700 км, орташа жылдық ағын мөлшері секундына 2,1 текше метрге жетеді. Терісаққан өзені Желдіадыр тауынан бастау алып, әрі қарай көршілес Ақмола, Қостанай облыстары аумағымен ағады. Ұлытау жерінде жағалары тік, тау шатқалдарының арасы болып келеді де, әрі қарай Теңіз-Қорғалжын ойпатынан өткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды.

Ұлытаудың оңтүстік-батысынан басталатын үлкенді-кішілі өзендердің барлығы Арала алабына жатады. Тау шатқалдарынан басталатын осы өзендерді тау жоталары бірненше тұйық алабтарға бөліп тастайды. Торғай өзенінің ең басты салалары: Сарыторғай, Қараторғай, Жалдама Торғай, Сабасалды Торғай, Қарынсалды Торғай, Ашудасты Торғай, Ақтасты Торғай және т.б.

Қарсақпай қыратының әр жерінен басталатын өзендер: Байқоңыр (Бұланты), Білеуті , Қалмаққырылған, Қияқты, Қимықы, Жимықы және т.б., біразы тасығанда Шұбар-Теңіз көліне құяды. Ұлытау жерімен Сарысу секілді үлкен өзеннің орта ағысы ғана өтеді. Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Жезқазған қаласының маңында қосылып, Сарысуға сала болып құяды. Оның ағысына елеулі екпін береді.

Өзендер Ұлытау өңірінде қандай көп болса, көлдер саны жағынан да Ұлытау басқа аудандардан кемшін түспейді. Орталық Қазақстандағы ең үлкен көл Балқаштан кейінгі ауданы 50 шаршы км-ден асатын Қарақойын мен Шұбар-Теңіз көлдері осы Ұлытау ауданында. Аудан жерінде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және т.б. ондаған көлдер бар.

Аудан аумағында жер асты суларының да мол қоры бар. Олар – тұщы судың сенімді көзі. Өңірдегі жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Ұлытау өңірінде бірнеше үлкен-үлкен артезиан алабтары (жерасты сулары) бар. Сарысу-Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (180 млрд текше метр) және Ұлытау (30 млрд текше метр) әлсіз минералданған таза судың теңдессіз көздері болып табылады. Тек әзірге оларды пайдалану деңгейі өте төмен.

Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ең ірісі – Кеңгір су қоймасы (суының көлемі 319 млн текше метр). Сонымен бірге Жезді (60 млн текше метр), Қумола (4,5 млн текше метр) және Қарсақпай (1,2 млн текше метр) су қоймаларының аумақтағы шаруашылықтар үшін маңызы зор.


Өсімдіктері мен жануарлары

Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі.

Ұлытаудың байтақ даласында жазық пен шөл өсімдіктерінің араласуынан шөлейтке бейімделген өсімдік түрлері көбірек таралған. Далалықтарда өсімдік жамылғысы сирек, маусымдық өзгерістер анық байқалады. Ерте көктемде, топырақта ылғал мол, жауын-шашынды кезде өсімдіктер барлық жерлерде қаулап өседі де, жаз шыға жылдам қурайды. Күзде салқын түсіп, жаңбыр көбейген кезде көптеген өсімдіктер қайта көгереді.

Бұл өңірде көпжылдық өсімдіктерден тырсық, боз бетеге, тарақ бидайығы, сирек бас жусан, қара жусан, сұр жусан, көкпек, тұзды жерлерде сораңның көптеген түрлері және өзен алқаптары мен көлдердің жағалауларында бидайық, ақмамықтың бірнеше түрі, ши мен су оты өседі.

Өлкенің оңтүстік-батыс бетіндегі шөлдерге қарағанда құмдарда өсімдік түрлері көп. Оларда ағаштар мен бұталар да, шөп түрлері де өседі. Ақ сексеуіл, құм қарағаны, жүзген, жыңғыл, жиде, тал секілді ағаштар мен бұталар, қияқ, өлең, құрақ, еркек сияқты көпжылдық шөптер – осы құмды өңірге тән өсімдіктер.

Өсімдік жамылғысының ендік бағыт бойымен географиялық таралуы шөптесінді өсімдік түрлерінен айқын байқалады. Солтүстік беттегі Терісаққан өзен мен оның салалары алаптарында құрғақ далаға етене тән өсімдіктер түрлері көбірек таралған. Осы астық тұқымдастар мен жусанның бірнеше түрлері – құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл алаптарда астық тұқымдастардың селеу, боз, кәдімгі бетеге, жуашақты қоңырбас, қылтықсыз қызылот, сабалақ төскей сияқты түрлері өседі. Жусан түрлерін бетеге, шренк жусаны, майқара, тамыржусан құрайды. Шоқылар арасындағы шатқалдар мен жазықтарда, ойпаңдарда қараған мен тобылғы аралас қатар өседі.

Сазды, кебірлі шөлдерде сұр және қара жусанның көптеген түрлері өседі. Сортаң алаптарға, сор жағалауларына бұйырған, көкпек, сарсазан, ақсораң, бұзаубас сораң секілді өсімдіктер шығады.

Ірі өзендердің аңғарлары бойында өте сирек тоғайлар сақталған. Оларда итмұрын, тал, жиде, қараған, тобылғы, долана, жабайы қарақат өседі. Ұлытау, Кішітау тауларының беткейлеріне арша, бөктерлеріне шоғыр-шоғыр қайың-терек шығады. Тоғайлы, көлеңкелі жерлерге дала қоңырбасы, қандыгүл, жалаң сабақ көкнәр, бұдыр масақ сияқты шөптесінді өсімдіктер қаулап өседі.

Ұлытау өңірі, әсіресе, оның өзендері мен көлдерінің жағалары құнарлы табиғи жайылымдарға бай. Сондықтан да бұл өлке мал өсіруге өте қолайлы.

Биологиялық ортаның қалыптасуына адамның араласуы, төңіректе орналасқан ракета полигондарының тигізген зардабы және тағы да басқа көптеген факторлардың әсерінен Ұлытау ауданында тұқымы құрып бітуге жақындаған өсімдіктер түрі аз емес. Бүгінгі күнге дейін республикалық “Қызыл кітапқа” осы өңірде өсетін альберт қызғалдағы, шренк қызғалдағы, бетпақдала сылдыршөбі, қызғылт радиола, жіңішке көкнәр, түйесіңір, торғай бұйырғыны, шренк тобылғысы сияқты 12 өсімдік еніп отыр. Оларға қоса тағы бірнеше жер бетінен жойылуға таянған сирек өсімдіктер осы тізімге енгізуге ұсынылған.

Ұлытау түймешені - Tanacetum ulutavicum (астралылар тұқымдасы). Биіктігі 25 см жететін, денесін түк басқан көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары қауырсынды тілімденген. Гүлдері ашық сары түсті себеттерге жиналған. Бір сабақта бір себет гүлі болады. Маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс жарады. Жемісі - тұқымша. Ұлытау түймешені - тек Ұлытау адырлары мен тасты тау шатқалдарында өсетін эндемдік түр. Оның іш өткенде және құрттарға қарсы пайдаланатын дәрілік маңызы бар. Эфир майларына бай, иісінен күйе, маса қашады. Қорғауды қажет етеді.

Ұлытаудың қыраттары мен тауларында, өзен аңғарлары мен жазық даласында жергілікті жердің жағдайына толық бейімделген жануарлар тіршілік етеді. Далалық зонадағы жабайы аңдар мен құстар сусыз құрғақ жазға, аласа шөптесін арасында өмір сүруге әбден қалыптасқан, олардың сыртқы түстері де өздері де өсіп-өнген шөл даладан аумайды. Көпшілік жануарлар организмдеріне қажетті ылғалды қорек арқылы алады, олардың бірқатары ін ішінде өмір сүреді, тіпті кейбіреулері түнде ғана сыртқа шығып, күндіз көзге түспейді.

Ұлытау-Жезқазған аймағын жүзден аса сүтқоректі, 250-ге жуық құс түрі мекендейді. Жер бедерінде табиғи тосқауыл болмағандықтан, жануарлар көршілес жатқан аймақтардан ауысып келе береді.

Ертеректе Ұлытау өңірін бұлан, сілеусін, арқар, құлан сияқты жануарлар мекен еткен. Алайда олар адамдардың етіне, терісіне және т.б. бола ретсіз қырып-жоюынан биологиялық түр ретінде қайта оралмайтын болып жоғалды. Құланның мың басқа жуық табыны Ұлытау мен Бетпақдала арасында 1880 жылдарға дейін тіршілік еткені жайлы мәлімет бар. Арқар тіпті беріректе жойылды. Бүгінде олардың тағдыры ақбөкендердің (киіктердің) басына түскен тәрізді. Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын Сарыарқа сілемдері мен Бетпақдала белдерінде жыртылып айрылатын сан мыңдаған табындардан көңілге медет болатын тұқым ғана қалды. Оларды қорғап, басын көбейту – күн тәртібінде тұрған кезек күтпейтін мәселе.

Бұл аймақтың таулы өңірлерінде жартас сұлыкеші, тау шекілдегі, шымшық, сарыторғай, құр және т.б. жануарлар мен құстар кездеседі. Көлдерінде қоңыр қаз, бізқұйрық, барылдауық үйрек, қасқалдақ, аққу сияқты құстар ұя салып, балапан басады. Үлкен көлдерде кәсіптік маңызға ие су құндызы (ондатра) жерсіндірілген. Олардан алабұға, ақбалық, табан, сазан, шортан, жайын және т.б. балықтар ауланады.

Далалық алқабтарда, жатаған қырқалар бойында, шөлейт зонаға жататын өңірлерде жануарлар түрі көп. Бұлардың бәрінде дала алақоржыны, құмтышқан, сары тышқан, атжалман, үлкен қосаяқ, шақылдақ тышқан, эверсман аламаны секілді кеміргіштер, дала қыыраны, құзғын, қарақұс, ақсары, дала құладыны, бөктергі, ителгі, қаршыға сияқты жыртқыш құстар, кесіртке мен жыланның түр-түрлері, бозторғай, тасторғай, аққанат торғай және т.б. ұсақ құстар қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, дала мысығы тәрізді жыртқыш аңдар тіршілік етеді. Кеміргіштерден құм қояны, ор қоян, тышқанның түр-түрлері, балпақ пен суыр көп кездеседі.

Ұлытау өңірінде әртүрлі себептермен жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен құстардың түрлері аз емес. Олардың “Қызыл кітапқа” енгендерінің саны әжептәуір. Осы аймақты ежелден мекендеп келе жатқан ақбас тырна, ақбауыр бұлдырық, аққұйрық қызғыш, ақ тырна, безгелдек, тау бүркіті, бұйра бірқазан, жорға дуадақ, жұқатұмсық жылқышы, жыланбүркіт, қоқиқаз, қараләйлік, сабаншы, сұңқылдақ аққу, тарғақ, ұзынқұйрық ақиық секілді құстар мен үш башайлы ергежейлі қосаяқ, атжалман, бес башайлы қосаяқ, қарақұйрық, шұбар күзен, дала мысығы тәрізді жануарлардың тұқымы мүлдем жойылып кетуге жақын тұр.

Осындай жағдайда табиғат сұлулығын, қоршаған ортадағы тепе-теңдікті тиісті деңгейде сақтаудың маңызы зор. Бұл проблеманы тиімді шешудің бірден-бір ұтымды жолы табиғи қорықтар ашып, қорғалатын терриориялардың аумағын көбейту болып табылады.


Пайдалы қазбалары

Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген.

Ежелгі Ұлытау жері – мыс қуыру жөнінен әлемдегі ең ірі кен көздерінің бірі. Осы байлықты жоспарлы түрде кешенді игеру 1926 жылы басталды. Мыс кеніштері Сәтбаев қаласының батыс және солтүстік жағына шоғырланған. Ауданның оңтүстігінде Жаманайбат кен көзі жұмысқа қосылды. Жезқазған төңірегінен қазылатын кен құрамында сирек және шашыранды түрде кездесетін алтын, күміс, рений, осьмий, кадмий, висмут, кобальт секілді бірнеше аса бағалы әрі сирек металлдар бар.

Аудан көлеміндегі қара металлдардың жиі шоғырланған жері Қарсақбай төңірегінде. Оған Балбырауын, Керегетас, Сазтөбе, Жетіқыз, Жезді, Найзатас кен көздері жатады. Олардың барлығын Қ.И.Сәтбаев Ұлы Отан соғысына дейін ашқан. Кейініректе Қарсақбайдың оңтүстік жағынан темір кенін Жуантөбе кенді алқабы ашылды. Алғашқы барлау нәтижелері бойынша оның кен қоры 8-10 млрд. тоннаға жетеді деген болжам жасалды. Бұл – Жуантөбе - әлемдегі ең үлкен кен орнны деген сөз.

Кенсіз пайдалы қазбалар тобына жататын асбестің қоры жөнінен Ұлытау өңірі еліміз бойынша екінші орын алады. Ешкіөлмес, Қарсақбай қыратындағы өндірістік мән-маңызға ие асбестің барланған қоры 10 млн. тоннаға жуық. Ұлытау ауданы аумағында орналасқан басқа Айыртау, Дүйсенбай, Шайтантас және Қумола кен орындары белгілі болып отыр. Бұл кен көздері есепке алынып, мемлекет қорына кірген.

Ұлытау ауданы жергілікті құрылыс материалдарына да өте бай. Жезқазған қаласы мен Жезді кенті төңірегінен әктас, Сәтбаев қаласы маңынан және Сарысу өзені алқабынан қиыршық (кварцті) құм, теректі станциясының қасынан гранит өндіруге мүмкіндік мол.

Жанатын пайдалы қазбалар ішінен Ұлытау жерінде қоңыркөмір, алғаш рет Байқоңырда және Қияқтыда XIX ғасырдың бас кезінде табылып, өндірістік маңызы анықталған болатын. Байқоңыр көмірі 1892-1910 жылдар арасында Железновтың қорғасын зауытына (Шеңбер ауылындағы) және 1912-1918, 1928-1969 жылдарда Қарсақбай мыс балқыту зауытына негізгі отын ретінде пайдаланды. Қоңыркөмірдің Қияқты бассейнін өткен ғасырдың 30 жылдарында Қ.И.Сәтбаев зерттеп, оның қорының 100 млн тоннадан артық екендігін анықтап берді. Бүгінде жеке кәсіпкерлік жолмен игеріліп жатқан Қияқты кен орны аудан халқының бір бөлігін сапалы отынмен қамтамасыз етіп отыр.

Мұнай мен газ Ұлытау өңіріндегі Құмкөл алқабынан табылып отыр. Кен көзі Қызылорда облысына уақытша 2017 жылға дейін пайдалануға берілген жерде ашылғандықтан, сол облыстың мұнайшыларының күшімен игерілуде. Мамандардың есептеуі бойынша ондағы жер қойнауында 350 млн тонна мұнай және 100 млн текше метр табиғи газ бар деп болжанған. Құмкөлден шығатын мұнай Құмкөл-Қарақойын-Сарысу-Атасу мұнай құбыры арқылы Павлодар-Шымкент және Атасу-Алашанькоу магистралды мұнай айдау жүйесіне қосылған. Ұлытау жерінде Қумоладағы родусит (көгілдір асбест) және ақтастағы пьезокврц пен тау хрусталі сияқты аса сирек кен орындары бар. Родусит бүкіл Евразия көлемінде тек қана осы Ұлытау өңірінен табылып отыр.