Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » Туған өлкем – неткен көркем
21
Желтоқсан
2021

Туған өлкем – неткен көркем

    Сарысу ауылдық кітапханасында «Туған өлкем –неткен көркем» жобасы аясында Сарысу ауылынан шыққан ақын, жазушылардың кітаптарын кітапхана оқырмандарына онлайн түрде насихатталды. Сарысу ауылының тумасы Ш.Рахметовтың «Бірлігі жарасып, береке дарыған ауыл» кітабында жазушы Сарысу өңірінде өмір сүрген небір көкірегі ояу, көзі ашық, елі құрметтеген, ақылман аға буын өкілдерінің айтқан тапқыр шешендік сөздері мен әңгімелері көнекөз қариялардың айтқан сөздері, өсиеттері кітап бетінен орын алғаны туралы дәріптеледі. 
    Сарысу ауылының тумасы ақын Дәуренбек Бұланбаев «Мұңайма менің аққуым» атты тұңғыш жыр жинағын кітапханаға сыйға тартты. Өлең өлкесіне өзіндік үнімен келген ақын жырлары адамгершілік болмыс, ізгілікке іңкәрлік жайлы сыр шертеді. Жастыққа тән жалын, махаббат, ұлт рухы көркем кестеленген ақын жырларын оқырман жүрегінен орын табады.
    Сарысу ауылының тумасы, жас ақын Абай Ораз «Бебеу» кітабын кітапханаға сыйға тартып поэзия патшалығына өзіндік үнімен келген талантты жас ақынның бұл тұңғыш жинағына бір шоғыр өлеңдері мен шағын поэмасы топтастырылды. Аталған кітаптар виртуалды түрде кітапхана оқырмандарына таныстырылды.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*