Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » Дүниеге келер әлі талай Қасым
15
Қараша
2021

Дүниеге келер әлі талай Қасым


Бүгін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты Қасым өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың рухани, мәдени мұрасын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту, Қасым өлеңдерінің құдіретін қалың жұртшылыққа паш ету болып табылады. Іс-шараны аудандық кітапхананың қызметкері Сандуғаш Дюсенбаева жүргізіп, қатысушыларды сайыстың шартымен таныстырды. Сайысқа №1 Ұлытау орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Есенқабыл, осы мектептің биология пәнінің мұғалімі А.Бимағанбетова және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Төребай, аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкері Г.Құрманбаева, №2 Қорғасын орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Сартай, Жезді аралас мектебінің 8 сынып оқушылары А.Қанат, А. Ибәділдә, А.Бектұр қатысты. Нәтижесінде жүлдегерлер ақшалай сыйақы мен Алғыс хаттармен маратталды. Атап айтар болсақ, III- орынды А.Ибәділдә (15 мың теңге), II-орынды А. Есенқабыл (25 мың теңге), I- орынды А.Сартай (35 мың теңге) иеленді. Бас жүлдені А.Бимағанбетова жеңіп алып, оған ( 50 мың теңге) ақшалай сыйақы табыс етілді.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*