Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
01
Қазан
2021

Оқитын өлке

Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Оқитын өлке» жобасы аясында  1 қазан 2021 жылы жазушы, публицист Баубек Бұлқышевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Тау ұланы» тақырыбында ауданаралық Баубек оқулары өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты: ақын Баубек Бұлқышевтың шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін, өнегелі өсиеттерін дәріптеу. «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Сайысқа қатысушылардың жас ерекшелігі 15-25 жас. Сайысқа қатысушылар Баубек Бұлқышевтың 10 өлеңін көркем шеберлікпен жатқа айту бойынша өткізілді. Орындау уақыты 5-6 мин аспау керек. Қатысушылардың жұмысын бағалау және женімпаздарды анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Олар аудандық «Ұлытау» газетінің жауапты хатшысы Оспанова Альмира, ауылшаруашылық бөілімінің маманы, ақын Тілеулинов Құрмет және Ұлытау аудандық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Дюсенбаева Сандуғаш сайланды. Сайысқа ауыл –кент кітапханаларынан оқырмандар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Оның ішінде Қоскөл ауылдық кітапханасының оқырманы Қиянатова Әсел, Сарысу ауылдлық кітапханасының оқырманы Жамсап Ерден, Жезді кент кітапханасының оқырманы Әбдіғаппар Мадина, Иманғали Асқар, Ұлытау аудандық кітапханасының оқырманы Есенқабыл Ақбота, Аманкелді ауылдық кітапханасының оқырманы Босқанова Әйгерім, Қарсақпай кент кітапханасының оқырманы Жолдыбай Гүлназ, Ақтас кент кітапханасының оқырманы Сейітова Жансая, Шеңбер ауылдық кітапханасының оқырманы Сартай Аяла, Борсеңгір ауылдық кітапханасының оқырманы Қамарбаева Мариям және Байқоңыр ауылдық кітапханасының оқырманы Әбдіғазин Кеңесары қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің жаттаған толық 10 өлеңлерін онлайн форматта видеоға түсірді. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың видеосын жеке-жеке қарап талдауға салды. Әділқазы мүшелері қатысушылардың өлеңді жаттау шеберлігімен қоса оқу мәнеріне, киім үлгісіне және видеоны монтаждаудағы ерекшелігін бағалап, үздіктерді тауып, сайыстың женімпаздарын анықтады. Сайыстың бас жүлдесін Қоскөл ауылдық кітапханасының оқырманы Қиянатова Әсел (15 000 тг), бірінші орынды Ұлытау аудандық кітапханасының оқырманы Есенқабыл Ақбота (10000 тг). Екінші орынды Шеңбер ауылдық кітапханасының оқырманы Сартай Аяла (8000 тг) және үшінші орынды Байқоңыр ауылдық кітапханасының қатысушысы Әбдіғазин Кеңесары (5000 тг) қаржылай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*