Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » Кітапхана қызметінің талдауы, кітапхана жұмысын тиімді пайдалану
22
Қазан
2021

Кітапхана қызметінің талдауы, кітапхана жұмысын тиімді пайдалану


22 қазан 2021 жылы Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық, ауылдық кітапханаларының кітапханашыларына «Кітапхана қызметінің талдауы, кітапхана жұмысын тиімді пайдалану» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинардың ашылуын ОКЖ директорының міндетін атқарушы С.Дюсенбаева ашып, кітапханашыларға заман ағымына сай жұмыстардың онлайн және оффлайн түрлерінің тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-тал бесігім» кітап көрмесімен басталды,көрмені кітапханашы Б.Бейбутова таныстырды. «Кітап қорының орналасуы, және есебі»комплектатор Ж.Мұханбетова, «Кітапханадағы библиографиялық жұмыс» библиграф С.Бірмағанбет, «Кітапханадағы алфавиттік және жүйелік каталогтың орналасуы»кітапханашы-редактор Ж.Орынбаева, «Балалардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастырудың жолдары» балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Қалиева, Өлкетану бағыты бойынша «Туған өлкеге саяхат» буктрейлер библиограф М.Елеуова, «Инновациялық іс-шаралардың түрлері мен бағыттары» слайд, Жезді кенті кітапханасының меңгерушісі М.Әли, «Кітапханадағы жаңа терминдік сөздер» әдістемелік бөлімнің меңгерушісі С.Дюсенбаева, «Кітапхана қызметінің талдауы (кітапхананың жылдық жұмыс жоспары, кітапхананың жылдық есебі» әдістемелік бөлімнің меңгерушісі,әдіскер С.Дюсенбаева, Г.Баймағанбетова тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты:Жыл сайынғы семинарлардың мақсаты кәсіби шеберлікті арттыру үшін бағдар болып табылады және тәжірбиемен бөлісу, бір бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың қортындысын шығаруға мүмкіндік береді. Семинар соңында жыл басында әдістемелік бөлімнің ұйымдастырған «Оқитын өлке» жобасы қортындыланды. Елбасының рухани жаңғыру: болашаққа бағдар мақаласы аясында мерейтой иелері ақын-жазушылардың мұраларын дәріптеу; ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған 30 кітап кеңінен насихаттауға, «2021 жылы Балалар әдебиеті»жылына балалар шығармаларын оқырмандарға ұсыну,балаларды кітап оқуға тарту мақсатында жоба құрылған. Жоба іс-шаралары сәуір-қазан айлары аралығында өткізіліп,әлеуметтік желілерге салынды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Мен поэзияны сүйемін!» Тәуелсіздік құрдастары арасында мәнерлеп оқу сайысы, «Мен елімнің патриотымын!» жас суретшілер сайысы, «Мен Қазақстандықпын-Қазақстан менің мақтанышым!» үздік селфи. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясына «Кітап оқу кітапханашыдан басталады» онлайн әңгімелеу, "Кітап оқуға құштар бала" үздік видеомонтаж, «Отбасымызбен оқимыз!» эстафета, «Мен кітапты сүйемін!» Фотоконкурс «Буклук», тақырыптарында және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру аясында «Кітап оқу лидері» жазушы I.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиягиясынан тест-сайыс, жазушы публицист Баубек Бұлқышевтың туғанына 105 жыл толуына «Тау ұланы» ауданаралық Баубек оқулары өткізілді. Жоба бойынша жеңімпаздар анықталып алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*