Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » Мен поэзияны сүйемін!
04
Тамыз
2021

Мен поэзияны сүйемін!


    Ұлытау  ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 4 тамыз 2021 жылы «Оқитын өлке» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мен поэзияны сүйемін!» Тәуелсіздік құрдастары арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. 
    Іс-шара  мақсаты: қатысушылардың бойына еліміздің рухани бірлігін нығайту, қазақ ақындарының өлеңдерін дәріптеу, мәнерлеп оқуға машықтарын дамыту, тәуелсіздіктің мәнін тереңірек сіңіре отырып, алған білімдерін, өнерлерін ортаға салып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге үйрету, әдебиетке баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 30 жыл ішіндегі еліміздің қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу, өз елін, жерін, Отанын сүюге, өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне еңгізу.  
    Сайыстың талаптары мен шарттары: қатысушы Тәуелсіздіктің құрдасы 1991 жылғы 30 жаста болуы шарт, онлайн форматта видеокөрсетілім арқылы тәуелсіздік туралы (2 өлең) және еркін тақырыпта (1өлең) оқу жатқа оқу міндеттелді. Сайыстың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасы «Жас ақындар» қызығушылық клубының төрағасы, кітапхананың тұрақты оқырманы Тлеулинов Құрмет Жалаулыұлы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ержан Ақбота Қаршығақызы, Ұлытау аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Калиева Гульбахит Ахметкалиевна өз өйларын, пікірлерін білдіріп, шешім шығарды. Ережедегі талаптарды ескере отырып әділ қазылардың шешімі бойынша І-орын Ұлытау ауданының орталық кітапханасының тұрақты оқырманы, тәуелсіздік құрдасы Оспан Альмира Максутқызы, ІІ-орын Егінді ауылдық кітапханасының оқырманы Холдас Жазира Айсарынқызы, ІІІ-орын Мибұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Игибаева Дария Тулепбергеновнаға берілді және мадақтама мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*