Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » Ұлытау аудандық балалар кітапханасында "Жас суретшілер" үйірмесі ашылды.
05
Наурыз
2021

Ұлытау аудандық балалар кітапханасында "Жас суретшілер" үйірмесі ашылды.

18 қаңтар күні Ұлытау аудандық балалар кітапханасында «Жас суретшілер» үйірмесі салтанатты түрде ашылды. Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапхана әдіскері Г.Баймағанбетова жас суретшілер үйірмесінің ашылуымен құттықтау сөз сөйлеп, үйірмеге қатысушы оқырмандарға шығармашылық табыс тіледі. Жас суретшілер үйірмесінің ашылу лентасын орталықтандырылған кітапхана әдіскері Г.Баймағанбетова мен балалар кітапханасының тұрақты жас оқырманы А.Данабекпен қиды. Жас суретшілер үйірмесінің мақсаты – жастардың ойлау қабілетін дамыту, қоршаған орта туралы танымдарын байыту. Сурет салу өнерінің әдіс-тәсілдерімен, негізгі қағидаларымен таныстыру. Әдемілік пен әсемдікке, ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу. Үйірме жетекшісі – аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Абдикарова үйірменің ашылуына келген оқушыларға сурет салу туралы мағлұмат беріп өтті. Іс-шара соңында кішкентай кітапхана оқырманы А.Данабек ән-шашу жолдады.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*