Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
Ұлытау орталық кітапханасы » Жаңалықтар » "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы!" атты зияткерлік сайысы өтті.
05
Наурыз
2021

"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы!" атты зияткерлік сайысы өтті.

Ұлытау аудандық орталық кітапханасында 2020 жыл 10 желтоқсанда «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Мақсаты: Абай шығармаларын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, Абайдың мұрасын, нақыл сөздерін, ой-толғауларын насихаттау. Зияткерлік сайысқа Ұлытау ауданының оқушылар үйі" КММ қызметкерлері «Бүркіт» тобы, Ұлытау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ "Қыран«тобы және 1 курс студенттері „Ұлар“ тобы болып құрылып сайысқа қатысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1 бөлім Таныстыру, 2 бөлім Көкпар, 3 бөлім Бәйге, 4 бөлім Полиглот, 5 бөлім Әліпби. Қатысушылардың әділ шешімін қазылар алқасы анықтап, нәтижесінде „Бүркіт“ тобы жеңімпаз атанып 1-ші жүлделі орынға мадақтама қағазы мен 70 мың теңге ақшалай сыйлық табысталса 2-ші орынды „Қыран“ тобы мадақтама қағазымен 50 мың теңге иеленсе, 3-ші орынды „Ұлар“ тобы мадақтама қағазы мен 40 мың теңге табысталды.
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*