"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Алтын Орданың құрылғанына 750 жылдығына арналған видеоролик көрсетілімі.

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы датаны мерекелеу аясында Ұлытауды халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы ретінде насихаттап, Жошы ханның есімін ұлықтауды қолға алу қажеттігін айтқан еді

750 жыл бұрын қандай оқиға болды?

Осыдан тура 750 жыл бұрын Талас өзені бойында Шағатай, Үгедей мен Жошы әулетінің ханзада-нояндары жиналып, ұлы құрылтай өткізген. Тарихта оны «Талас құрылтайы» деп атайды.

Үгедейдің немересі – Қайду ханның шақыруымен өткен үлкен жиынға Жошы ұрпақтары Беркечар мен Мөңке-темір, сондай-ақ Шағатай ұлысынан Барақ қатысты.
Құрылтайда Шыңғыс қағанның дәстүрлерін сақтай отырып, көшпелілер мүддесін қорғаған маңызды шешімдер қабылданды. Ал ең бастысы, әрбір ұлыс жеке мемлекет болып жарияланды.
Талас құрылтайы шешімімен үш ұлыстың шекарасы айқындалды. Мауереннаһрдың үштен екісін Барақ алды, үштен бірі Қайду мен Мөңке-темірге тиесілі болды.
12:11