"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

"Абай -дана, Абай-дара"

"Абай -дана, Абай-дара"

Ұлытау аудандық балалар кітапханасында Ұлы Абайдың туғанына 175 жылдығына арналған «Абай -дана, Абай-дара» атты жыл бойына ашылған кітап көрмесі жалғасын табуда. Көрмені №1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 7-сынып оқушылары тамашалады. Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, және ағымдағы жылы кітап қорымызға келген М. Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопея түпнұсқасы бойынша түзетіліп, қалпына келтірілген жаңа басылымы қойылды.Сондай-ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері де бар.Көрмені библиограф М. Елеуова жүргізді.Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы арқылы Абай туралы біліп, бай мұрасымен танысқысы келетін оқырмандарымызды көрмені тамашалауға шақырамыз.

08:28
BkA