"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

"Абай дара, Абай дана қазақта" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

"Абай дара, Абай дана қазақта" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, реформатор Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы қарсаңында Ұлытау аудандық балалар кітапханасында «Абай дара, Абай дана қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты: Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен танысу. Ақынның өлендері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталып қойылды. Одан бөлек, Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Абай туралы естеліктер, Абай өлеңдері, С.Оразалиевтың «Абай елі» кітабы», М.Әуезовтың «Абай жолы» романы сынды түрлі басылымдар қойылды. Көрмені № 1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқытушысы Бегаева Еркеназ Төлеуқызы бір топ оқушыларымен келіп танысып, тамашалады. Шолуды Ұлытау аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Әбдикарова Г. жасады. Көрмеге келу әлі де жалғасын таппақ.

08:27
BkA