"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

"Едіге тау-ескі жұрт ескерткіші" республикалық ғылыми тәжірбиелік конференция өткізілді.

"Едіге тау-ескі жұрт ескерткіші" республикалық ғылыми тәжірбиелік конференция өткізілді.

14 маусым 2019 жылы мәдениет үйінің ғимаратында «Едіге тау-ескі жұрт ескерткіші» республикалық ғылыми тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференцияда Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Ұлытау аудандық орталық кітапханасы қызметкерлері «Тау атын иеленген таудай тұлға» тақырыбында Ұлы әмірші Едігенің «Едіге жыры» эпосына 600 жыл толуына арнап кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге жазушылар Кәмел Жүністегі, Төрехан Майбас, тарихшылар Жамбыл Артықбаев, Тілеген Садықұлы, Өмірбай Бекмағанбетов, Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысы Еркебұлан Мүлікұлы, аудан әкімі Ануар Серікбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Тілеуліұлы, Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төлеген Жақияұлы және Балқаш қаласынан келген қонақтар көрмені тамашалады. Көрмеге шолуды кітапхана қызметкері С.Дюсенбаева жасады.

03:21