"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі

Ұлытау аудандық орталық кітапханасының оқу залының кітапханашысы А.Бегулинованың ұйымдастыруымен 4-маусым Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі өткізілді.

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызыжайлы түсіндіру. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынқастерлеп құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен ауыл жастары қатысты. Көрмеде жастар өз ойларын ортаға салып, Рәміздер туралы әнгімелер өрбіді. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығымен даналығын, болашаққа үмітін арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатыптұр. Көрмеде оқырмандарға насихатталып, тәуелсіздіктің тұсауын кескен, елімізді әлемге бейбіт сүйгіш ел ретінде танытқан Елбасының «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде», т.б. кітаптары оқырмандардың үлкен қызығушылықтарын арттырды.

Аудандық кітапханасының кітапханашысы А.Бегулинова аталмыш тақырыпта кітап көрмесіне шолу жасап, толық ақпарат беріп өтті.

03:18