Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
22
Ақпан
2021

Жылжымалы кітапхана


10.11.2020ж.

Жылжымалы кітапхана өз жұмысын жалғастыруда. Кітаханашы Г.Тұрсынқызы "Өркен" балабақшасына кішкентай бүлдіршіндерге балалар кітаптарын апарып, балаларға ертегі оқып берді.

*****************************************************************************************************************
Сәуірдің 8 -12 күндер аралығында 

жылжымалы кітапхана іс-шаралары №1 Ұлытау орта мектебі базасындағы Тірек мектебінде (РО)КММ жалғасын тапты. «Балалық шағымның парақтары» атты жылжымалы кітапхана Саттар Ерубаевтың туғанына 105-жыл және Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл қарсаңында жазушылардың шығармашылығына әдеби, танысу мақсатында өткізілді.

Ұлытау аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Абдикарова Саттар Ерубаев пен Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым», «Мәңгілік өмір», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Таңдамалы, Роман, хикаяттар, әңгімелер» кітаптарына шолу жасалынды. Кітапханашының орындауында жазушылардың өмірбаяны дайындалып, жазылған буклеттер оқушыларға таратылып берілді. Жалпы іс-шараға 45 оқушы қастысты. Оқушылар жазушылардың кітаптарымен тереңірек танысты.

****************************************************************************************************************

Кітапты іздеп жүріп оқитын заман тарихта қалып, орнын ғаламтор билеп – төстеген заманда, халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс – тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет. Нағыз білім қайнарының мәртебесін қайтару мақсатында бізде де жылжымалы кітапхана қызметі қарқынды түрде жүргізіліп отыр. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әрі жаңа кітаптармен таныстыру үшін аудандық балалар кітапханасының ұжымы кішкентай оқырманымыздың анасының сұрауы бойынша әр түрлі қызықты,буынға бөлінетін,орыс тілінде де кітаптар бар. Сондай оқырмандарымыздың бірі - Әли Мансұр. Ол 1-ші сынып оқушысы. Кітапханашы Гүлзира Абдикарова әкелген жаңа кітапқа жас оқырман тамсана, таласа ұмтылды. Әли Мансұр кішкентай інісі Дегдарға ертегі оқып беріп мәз. Ал, ата-анасы жаңа кітапты таңдау мүмкіндігімен үйге дейін жеткізіп берген балалар кітапханасы ұжымына алғысын білдірді.

****************************************************************************************************************

«Жазғы кітап оқылым» акциясы аясында «Өркен» балабақшасына «Балаларға базарлық» атты жылжымалы кітапхана барды. Аталған іс-шарада кітапханашы Г.Абдикарова балаларға арналған әр түрлі қызықты кітаптарды таныстырып, балабақшадағы ең кішкентай топтағы бүлдіршіндерге ертегілер оқып берді.

****************************************************************************************************************

«Ақ көгершін» шағын орталыққа және «Күн шуақ» жазғы сауықтандырудағы оқырмандарға «Ертегілер еліне саяхат» атты тағы 18 кітапты апарып, кітапханашы Г.Абдикарова кітапханамызға келіп түскен дыбыстық кітап, ашылмалы кітап, түрлі пішіндегі кітап, құрастырмалы кітаптарды, әртүрлі ертегілер жайлы әңгіме өткізді. Шағын орталық бүлдіршіндеріне кітаптарымыз кең көлемде таныстырылып, «Қызыл қоңыз» ертегісі оқылып, бүлдіршіндерге кітаптарды қалай ұстау керектігі, ұқыпты пайдалану жайлы түсіндірілді. Ата-аналарымен кітапханаға келіп кітап оқуға шақырдық.

Ұқсас басылымдар:

16 Ақпан 2021 Маханов Мұқан
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*