Тел/факс:
8(71035) 2-11-87
nsm1972@mail.ru
Hашар көретіндер
22
Ақпан
2021

Шығармашылық алаңы

Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар.


Сол жолдардың бірі – шығармашылық тәрбие болып табылады. Бұл бетті ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру мен қатар, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілетті етіп тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүріміз туралы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болуы, Осы мақсатта кітапханамызда Жас –өспірімдерді еңбекке баулау мақсатында.

«Балбұлақ» қол өнер клубы жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз -жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білімге мәдениетке деген құштарлығын арттыру.
Өйткені білімді, білікті, мәдениетті, көзі ашық баланың тәрбиесі – тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы болары сөзсіз.

Біздің кітапханамыздағы «Балбұлақ» қызығушылық клубы өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.

Үйірмеде 3-4 сынып оқушыларымен «Біз бақытты балдырған» атты тақырыпта сурет салу байқауы болып өтті. Балалар өздері ұнатып оқыған кітаптарының кейіпкерлеріне саяхат жасау арқылы ертегілерде көп кездесетін кейіпкерлердің суреттерін салды.

****************************************************************************************************************
Қолөнерге деген қасиет – оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы сан алуан ғылыми салалардан білім алу және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. Үйірме жұмысының нәтижесінде үйірмеге қатысатын оқушылар басқа оқушыларға қарағанда анғұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Үйірмеде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. Балбұлақ үйірмесінің мүшелері қолөнермен айналасуда.

*****************************************************************************************************************
Балбұлақ үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. 3-4 сынып оқушыларымен «Оң қолымнан өнер тамған» атты тақырыпта баклашкалардан әдемі гүлдер жасау сабағы болып өтті. 

****************************************************************************************************************
2020 жылдың 16 наурызынан бастап Ұлытау аудандық балалар кітапханасыны онлайн режимге көшкендіктен балбұлақ үйірмесінің мүшесі Әбікен Эльвира үйде онлайн қол өнер мен айналысуда, Назарларыңызға бейнекөрсетілімді ұсынамыз.

https://www.instagram.com/p/B_ZSQ_lHRc2/?utm_sourc...

*****************************************************************************************************************
Біз біргеміз, біз үйдеміз атты онлайн іс-шарада балбұлақ үйірмесінің мүшесі Бақыт Дария сіңілісімен бірге үйде отырып қол өнермен айналысуда, назарларыңызға бейнекөрсетілімді ұсынамыз.

https://www.instagram.com/p/B-tuC_Fn0JS/?utm_sourc...

*****************************************************************************************************************
Балбұлақ үйірмесі «Кел сурет салайық» атты тақырыпта онлайн іс-шара ұйымдастырып, балалардың бойында ойын еркін жеткізе білу, әсемдік әсерін жеткізе білу, образды ойлау, байқампаздық және есте сақтау қабілеттері дамиды. Сурет өнерінде балалардың құрылым, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу, пішіндерді салыстыра алу, оларды дұрыс бейнелеу дағдылары қалыптасады. Ең маңыздысы оқушылардың сурет салудағы алғашқы біліктілігі қалыптасады. Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының құрымдылық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немес бұрыс шешілгендігіне назар аудару қажет. Жұмыс барысында қауіпсіздік және сурет салудаға ережелермен таныстыру, оларды сабақ бойы есте сақтап, орындап отыруды талап ету.
Біз біргеміз, біз үйдеміз онлайн іс-шара аясында балбұлақ үйірмесінің мүшесі Рахымжан Серікболсын үйде отырып суреттер салуда. 

https://www.instagram.com/p/B-gzIrnH3GF/?utm_sourc...

*****************************************************************************************************************
26 қазан. "Балбұлақ" үйірмесінің кезекті тәрбие сағаты өткізілді.
Үйірме сабағына "Балбұлақ" үйірмесінің мүшелері 8-сынып оқушысы Айтжан Назар және 4-сынып оқушысы Сәдір Дария қошқар мүйіз оюын ойып үйренді.

https://www.instagram.com/p/CG1hkQeniVD/?utm_sourc...

*****************************************************************************************************************
Түсініктеме
Суретте көрсетілген екі сөзді енгізіңіз:*