"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Жылжымалы кітапхана

«Жылжымалы кітапхана» үрдісі өз жалғасын табуда. Ұлытау аудандық балалар кітапханасы «Ақ көгершін» шағын орталыққа және «Күн шуақ» жазғы сауықтандырудағы оқырмандарға «Ертегілер еліне саяхат» атты тағы 18 кітапты апарып, кітапханашы Г.Абдикарова кітапханамызға келіп түскен дыбыстық кітап, ашылмалы кітап, түрлі пішіндегі кітап, құрастырмалы кітаптарды, әртүрлі ертегілер жайлы әңгіме өткізді. Шағын орталық бүлдіршіндеріне кітаптарымыз кең көлемде таныстырылып, «Қызыл қоңыз» ертегісі оқылып, бүлдіршіндерге кітаптарды қалай ұстау керектігі, ұқыпты пайдалану жайлы түсіндірілді. Ата-аналарымен кітапханаға келіп кітап оқуға шақырдық.