"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Шығармашылық алаңы

Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар.

Сол жолдардың бірі – шығармашылық тәрбие болып табылады. Бұл бетті ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру мен қатар, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілетті етіп тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүріміз туралы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болуы, Осы мақсатта кітапханамызда Жас –өспірімдерді еңбекке баулау мақсатында.

«Балбұлақ» қол өнер клубы жұмыс жасайды. Біздің мақсатымыз -жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білімге мәдениетке деген құштарлығын арттыру.

Өйткені білімді, білікті, мәдениетті, көзі ашық баланың тәрбиесі – тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы болары сөзсіз.

Біздің кітапханамыздағы «Балбұлақ» клубы өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.



Үйірмеде 3-4 сынып оқушыларымен «Біз бақытты балдырған» атты тақырыпта сурет салу байқауы болып өтті. Балалар өздері ұнатып оқыған кітаптарының кейіпкерлеріне саяхат жасау арқылы ертегілерде көп кездесетін кейіпкерлердің суреттерін салды.