"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Көрмелер әлеміне саяхат

Кітапханада «Мәдени мұра» көрмесі бар. Онда «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген «Бабалар сөзі» қазақ фольклорының 100 томдық жинағы, «Шоқан Уалиханов» көптомдық шығармалар жинағы, «Әдеби жәдігерлер» 20 томдық жинағы, «Алаш көсемсөзі» 10 томдық жинағы, Әлкей Марғұлан шығармалары, «Қазақ қолжазбалары» 10 томдық кітабы, «Әбу Насыр әл-Фараби» 10 томдық шығармалар жинағы қойылған.

.


Ұлытау аудандық балалар кітапханасы оқырмандарға кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптарды насихаттау, əр оқырманға жеке дара ұсыну мақсатында "Жаңа кітаптар"- атты кітап көрмесі бой көтерген. Көрмеге тарихи жəне көркем əдеби кітаптар, балалардың ой - өрсін дамытатын, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын ертегілер, əңгімелер мен танымдық əдебиеттер қойылады.

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді "Жаңа кітаптар" көрмесімен танысуға, кітап оқуа шақырамыз!

.


Кітап сөресі. Кітап оқиық, балалар!

Өмірдің бар қызығы - кітапта.

Біздің кітапханамызда әр түрлі тақырыпта көрмелер орналасқан. Біздің көрмемізден әр топтағы оқырмандар қажетті топтамалар, оқу бағдарламалары бойынша әр пәндерге арналған. «Оқушыларға көмекші құралдар»-атты тақырыпта, мектеп табалдырығын аттаған оқырмандарға, жеткіншектерге сауат ашуына арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті кітаптарым»-атты тақырыбында санамақ, бояғыш, сөзжұмбақ, жаңылтпаштар т.б. кітаптар қойылған. «Ертегілер еліне саяхат»-атты сөреде қазақ халқының және де басқа елдердің тәрбиесі мағынасы бар ертегілер орын алған.

.


Кітапханада өлкетану жұмысын жаңдандыру, өлкені оқырмандарға насихаттау мақсатында «Ұлытаудан шыққан ақындар», «Туған өлкем қандай қандай көркем» -атты тақырыптарда және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел», Қарағанды қаласының 80 жылдығына «Қазыналы Сарыарқа»-атты тақырыбында көрмелер бой көтерген.

.

Келіңіздер, көріңіздер,оқыңыздар. Ұлы ақынымыз А.Құнанбаевтың өлеңдері, қара сөздеріне т.б.арналған құжаттар. «Абай- дана, Абай-дара» атты көрме ұйымдастырылған. Кітапхана- ақыл-ой мен мәдинеттің мекені болса, кітап- өмір ұстазы. Кітапсіз рухани нәр алу мәдени ұлттық құндылықтарымызды меңгеру мүмкін емес. Біздің алда тұрғанбасты міндетіміз ақпараттық ресустардың кең көлемде қол жетімді болуын қамтамассыз ету. Ал көрмеге 20-кітап пен мерзілімді басылым қойылды.