"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Келіңіздер, таныс болайық!

Құрметті кішкентай оқырман!

Сізді кітапханамызға шақырамыз, келіңіз, асыға күтеміз.

"Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне" қарасты балалар кітапханасы жас оқырмандарға жұмыс жасайды:

Құрметті оқырман, келіңіздер танысайық!

Құрметті кішкентай оқырман! Сізді кітапханамызға шақырамыз, келіңіз, асыға күтеміз.

Біздің мекен жайымыз; Қарағанды облысы, Ұлтытау ауданы, Абай-2 көшесі, Мәдениет үйінде орналасқан. Телефон: 87103521413

Кітап қоры.19418.

штат бірліктері 3.

Қалиева Гүлбахыт Ақбатырқызы 1982 жылы 1 қыркүйекте туған. Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі. Кітапхана саласындағы еңбек өтімі 1 жыл.






Кітапхана жұмысының мақсаты:

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай, оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

Кітапхана жұмысының міндеті:

- Кітапханаға оқырмандарды тарту;

- Кітапты талғаммен оқуға баулу;

- Кітап қорын насихаттау

- Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;

- Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.

- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы №1 орта мектептің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді.

Аудандық балалар кітапханасында 1 библиограф, 1 кітапханашы жұмыс жасайды :


Осы кітапхананың кітапханашысы Абдикарова Гүлзира балаларды қуана қарсы алып, сұраныстарын қанағаттандырып тұрады. Жас

маман еңбек өтімі 5-жыл.