"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Балалар бөлімі

Құрметті жас оқырмандар, ата-аналар, жас достар! Ұлытау аудандық орталықтандырылған балалар кітапханасының сайтына қош келдіңіздер! Сіздер біздің кітапханамыздан өздеріңізге қажетті кітапдарды таба аласыздар, білімдеріңізді шыңдайсыздар. Кітапхананың есігі Сіздер үшін әрдайым ашық!


Біздің сайт арқылы оқырмандарға арналған кітаптар мен оқырмандардың шығармашылық жұмыстары, сонымен қатар оқырмандармен бірлесе отырып ұйымдастырылған іс-шаралар т.б. мәліметтерді көріп, таныса аласыздар.


АТА-АНА!

«Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.» Абай
«Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.» Л.Толстой.

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі,тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз-алдынғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік»,- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу-әрбірадамның білігі мен білімін,пайымы менпарасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп көрсеткен Шекспир. Бұлсөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген- кітап.Сол себепті оның орны тақтан да жоғары.Кітап-сенің асыптаспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы,жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан,оқытып-үйреткен-кітап.Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де кітап болатын. Сондықтан да, «кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі»,-дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін,естіп оқымаған қыр-сыры көп Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Онда сіз бен біз болып балаңыз әлі білмейтін. естіп оқымаған қыр-сыры көп кітап мұхитына саяхатқа бірге аттануына ат салысайық. Біздің осы сайт беттерінде жарияланған материалдарымыз. Сіздердің көптеген сұрақтарыңызға жауап береді деген үміттеміз.