"ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Кітапхана тарихы

Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тарихы

Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 1938 жылдан бастап ірге тасы қаланған.

1961-1972 жылға дейін Жезді ауданына қарасты аймақтық кітапхана статусына ие болған.

1972 жылы 2 аудан бөлінгінгеннен бастап аталған кітапхана Ұлытау аудандық орталық кітапханасы деп аталған. 1979жылдың жарты жылдығында орталықтандырылған кітапхана жүйесіне енді.

1997 жылы Жезді - Ұлытау ауданына қосылуына байланысты екі аудандық кітапхана бірігіп бүгінгі күнге дейін аудан халқына мәдени қызмет көрсетіп отыр. Бүгінгі күні Ұлытау ОКЖ жоғары білімді, арнаулы орта білімді мамандар халыққа мәдени қызмет көрсетіп отыр. Аудан бойынша 17 кітапхана бар атап айтсақ 1-аудандық балалар, 1-кенттік,14 ауылдық кітапханалар халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

2000 жылдан бастап ауданға қарасты барлық кітапханаларда оқырмандардың қызығушылықтарына сай "Тұлпар","Заман-ай","Атамакен","Қаламгер","Қыздар-ай","Ұлағат"т.б клубтар жұмыс атқаруда. 2002 жылы Байқоныр ауылдық кітапхана-клубының меңгерушісі Ашубаев Марат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың суреттерін жинап, 1000 данаға жеткізген еңбектерінің нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың қолтаңбасы бар сыйлыққа ие болды. Сол жылы Қарақұм ауылдық кітапхана-клуб меңгерушісі Кенжалин Жұмағали "Ой өрнегі"атты жинақ кітабы жарыққа шықты.

2003 жылы облыстық мәдениет департаментімен және Н.В Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен "Ауыл энциклопедиясы"сайысы өткізілді. Сайыстың қортындысы бойынша Аманкелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. Жұрқабаева "Ауылым-алтын бесігім" атты энциклопедиясы шығарып, жүлделі 2-ші орынға ие болды.

2005 жылдан бастап бүгінгі күн талабына сай аудан бойынша 4 кітапхана атап айтқанда аудандық орталық кітапхана, Аманкелді, Алғабас ауылдық, Жезді кенттік кітапханалары "модельдік кітапхана" статусына ие болып, қызмет атқаруда. Жыл сайын оқырмандардың сұраныстары бойынша кітап қорын толықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп кітап қоры толықтырылады және де Қарағанды облыстық мәдениет және мұрағат басқармасынан, Н.В Гоголь атындағы кітапханадан жаңа әдебиеттер келіп түседі.Аудан бойынша жылжымалы кітапханалар саны-30.

2007 жылы Қарағанды қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында "Бір ел-бір кітап"акция аясында Абайдың "Қара сөздер"кітабына арналған "Қара сөзбен халқына жол нұсқаған"атты облыстық әдеби фестивальға Жезді кенттік кітапханасының тұрақты оқырманы Дәуітов Мұхтар аудан атынан "Қара сөзді сыршырай да сөйлетсем"атты байқауына қатысып бас жүлдені женіп алды. Сонымен қатар Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқырмандары Қарағанды облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер және Сәтбаев қаласының Б.Бұлқышев атындағы кітапханаларында дәстүрлі түрде өткізілетін байқауларға қатысып тұрады.

Аудан бойынша 17 кітапханада 25 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қызмет көрсетіп,көңілінен шығатын көптеген тақырыптық кештер,әңгімелер,кітап көрмелерін ұйымдастырып тұрады. Кітапхана саласында инновациялық жұмыстарды жандандыру мақсатында іс-шаралар атап айтсақ: "Әлемді кітаппен бірге ашамыз", "Өз кітабынды тап","Кел ,оқы біл!", "Мен оқимын, сен оқисын, барлығымыз оқимыз!"атты тақырыптарда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен елді мекендегі кітапханаларда болып ауыл тұрғындар арасында библиодесант,флеш-моб,акциялар, викториналар ұйымдастырылып тұрады. Мақсаты: кең көлеміндегі ауыл тұрғындарының білімін,ақпаратқа қол жеткізуін,оқу беделін жоғарлату,оқырмандарды кітапханаға тарту,оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Аудан кітапханашыларының білім деңгейін жоғарлату мақсатында облыстық, қалалық,аудандық кітапханаларда семинарлар,практиқалық сабақтар өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда кітапханалар жаңа технологиялармен жабдықталған. 9 кітапханада интернет желісі қосылып оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетіп келеді.Аталған кітапханаларда әлеуметтік желілер қосылған. 9 кітапханада телефон желісі орнатылған. Кітапханада РАБИС бағдарламасы және өлкетану құжаттарын цифрлау жұмыстары атқарулыда.