"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Қазақстан Республикасының «Бір ел – бір кітап» акциясы 2020 жыл

Қазақстан Республикасының «Бір ел – бір кітап» акциясы 2020 жыл

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.

  1. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаңалық еді. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.
  2. Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы» романы – орта ғасырарда өмір сүрген Ұлы ғалым Әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.                                                              Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімі бойынша 2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылып отыр.

  3. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы» романы - бізді орта ғасыр дәуіріне жетелейді. Оқиғалар орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларында өрбиді. Бұл жерде шығарманың басты кейіпкері, терең ақылы және кең білімі үшін екінші ұстаз (Аристотельден кейін) атанған Әбу-Насыр әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарын жазған.
    Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауына да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер "Абай жолы" эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.

    Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

    «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.