"ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ"
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Логотип

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
"ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА УЛЫТАУСКОГО РАЙОНА"

Фариза Оңғарсынованың "Дауа" жыр жинағы

Фариза Оңғарсынованың "Дауа" жыр жинағы

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2013 г.

Арнау Сұлу жырдың төкпе ақыны

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Сондықтан ұйымдастыру комитетінің шешімін, яғни, бүкіл ел болып оқып, танып, біліп-талқылайтын кезекті қазақ әдебиетінің шығармалық туындысын асыға күтеді.

21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы, ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың жетекшілік етуімен өтті.

Мәжіліс қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің мамандары жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша іріктелген шығармалар тізімі ұсынылды.

Тізімге Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы енген еді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық әрбір шығарманың құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.


Қазақстан бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы 2013 жылдың қыркүйек айында өткізілетініне қарамастан, Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімдері мен кітапхана бөлімшелерінде кітап оқуды насихаттау жұмыстары жыл көлемінде жүйелі түрде жүргізіледі.

«Бір ел - бір кітап» акциясы оқырмандарды тек қана қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен таныстырып қана қоймай, бұл шығармаларды қайта-қайта оқып, туған-туыстары, достары мен таныстарына ұсыну үшін өткізіледі. ОКЖ қызметкерлері жыл басынан бері 2007-2012 жылдар аралығында бүкіл ел болып оқуға ұсынылған үздік авторлар шығармаларшылығымен оқырман қауымды таныстыру мақсатымен дербес кітап көрмелерін ұйымдастырып, кітапсүйер қауымның назарына ұсынуда.

Енді 2013 жылы бүкіл ел болып оқылатын туынды анықталғандықтан Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімдері мен кітапхана-бөлімшелері Қазақстанда ең көп оқылатын авторлардың бірі болып табылатын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат. Өзінің өлең-жырының көпшілігін ақын туған ауылына, жерлестеріне және барлық қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан оның жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Оның өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Фариза Оңғарсынқызы бүгінгі күнге дейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келеді, ол «Тұмар» республикалық әдеби-көркем журналының бас редакторы бола отырып, дарынды жас әдебиетшілерге қолдау көрсетеді.